Skip to main content

Коронавирустың кесірінен мәжіліске аз депутат келді

Жалпы отырысқа 107 депутаттың 81-і қатысты

Фото: Аскар Ахметуллин

26 наурызда өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына парламенттің төменгі палатасының 107 депутатының 81-і қатысты.


«Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл өз кезегінде залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік берді. Мұны бәріңіз байқадыңыздар», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.


Ол Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы жаңа форматта өтіп жатқанын алға тартты. 


«Біздің кейбір әріптестеріміз қатыспады. Алайда оған алаңдамаңыздар. Олардың барлығы аман-есен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, жасы 65-тен асқан кейбір әріптестерімізге жалпы отырысқа қатыспауға және үйлерінде болуға кеңес бердік. Кворум пленарлық отырыстарды осындай форматта өткізуге мүмкіндік береді», - деді Нығматулин.


Күн тәртібін бекіту туралы мәселе бойынша 81 депутат дауыс берді, оның ішінде 80 депутат күн тәртібін қолдады.


«Қазір барлық дауыс маңызды», - деді Нығматулин.


Оның үстіне, депутаттардың барлығы дерлік медициналық маска таққан. Алайда, Зағипа Бәлиева мен Нұрлан Нығматулинда бетперде болмады. 
 

banner_wsj.gif

Елорданың үш мыңға жуық тұрғыны жәрдемақыға өтініш берген

Қызметкерлердің өтінішін арнайы штаб қарастырып жатыр

Фото: Аскар Ахметуллин

Қазіргі кезде төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылып қалған 31 жұмыс берушінің 317 қызметкеріне  42500 теңге тағайындалған.  Сонымен қатар 2828 адамның өтінішін арнайы комиссия қарап жатыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті. 

"Жұмыссыз қалған азаматтарға бүгіннен бастап тиісті  жұмыс орталықтарында  онлайн арқылы  төлем беру басталады. 300-ден аса өтініш түскен болатын. Солардың бәріне, жүмысынан айырылған азаматтарға, жұмыскерлерге  беріледі  Оның көлемі 42 500 теңге көлемінде бекітілген. Мемлекет дегеніміз сіз бен біз. Біз бір бірімізді қиын-қыстау кезеңде ешқашан ұмыт қалдырмаймыз. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек уақтылы жеткізіліп жатыр",- деді әкімнің орынбасары. 

Оның айтуынша, Үкімет осы мәселеге қатысты арнайы ережелер қабылдады. Елордада ақысыз демалысқа жіберілген азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау басталды. Нүр-Сұлтанда  осы мәселемен тікелей айналысатын штаб құрылған, оның құрамына "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ комитеті, мемлекеттік органдар, жұмыспен қамту басқармасы және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, төлемдер бойынша барлық мәселелер бойынша штабқа хабарласуға болады. 

"Барлық өтініштер онлайн-режимде қабылданады. Онлайн-кеңес беру  55-14-87, 55-01-74 және 55-69-59 телефондары арқылы жүргізіледі, немесе жұмыстан босап қалған қызметкерлерді тіркеу мәселелеріне қатысты колл-орталыққа тәулік бойы хабарласа аласыз. Сонымен қатар қала әкімдігінің ресми сайтына да", - деді Мәкен.

23 наурыз күні  төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Президент  төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 42500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын. 

COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда 13 наурызда анықталды. 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша  елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді, ол 15 сәуірге дейін жалғасады және қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. 28 наурыздан бастап карантин шаралары күшейтіліп, қос қаладағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындар 30 наурыз - 5 сәуір аралығында жұмысын уақытша тоқтатты. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif