Skip to main content

Коронавирустан қайтыс болған адамның мәйітін жуындыру шарт емес

Діни басқарма арнайы пәтуа шығарды

Фото:Shutterstock

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мәліметтеріне сәйкес: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі өте қауіпті жұқпалы (туляремия, эбола, коронавирус, оба, т.б.) аурулардан қайтыс болған  адамдардың мәйіттерін жуындыруға және жерлеуге қатысты төмендегі шараларды жүзеге асыруды мақұлдайды:  

Біріншіден, мәйітті жуындыру. Өте қауіпті жұқпалы дерттен қайтыс болған адамды жуындыру рәсімі арнайы мемлекеттік мекеменің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс. Мәйітханада (морг) жуындыру шарасы шариғат талабына қайшы келмесе, мәйітті қайта жуындыру шарт емес. Қайтыс болған ер кісіні ер кісі, әйелді әйел жуындыруы керек.

Екіншіден, мәйітті кебіндеу. Шариғат бойынша мәйіт кебінделуі міндет. Ер кісі үш қабат матамен, ал әйел бес қабат матамен кебінделеді. Алайда жұқпалы дерттен қайтқан кісіні кебіндеу ісінде санитарлық қағидалар сақталуы тиіс. Егер мәйітханада кебінделген мәйіт шариғатқа сай болса, қайта кебіндеу шарт емес. Қайтыс болған ер кісіні ер кісі, әйелді әйел кебіндеуі қажет.

Үшіншіден, жаназа намазын оқу. Қауіпті індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайда жаназа намазына марқұмның ең жақын туыстарының қатысуы жеткілікті. Сақтық шаралары үшін адам санын барынша азайту қажет. Қалалық жағдайда індеттің қоғамдық ортаға (мысалы, көпқабатты үй тұрғындарына, көршілеріне, т.б.) таралмауы үшін марқұмды мәйітханадан тікелей зират басына апарып, сол жерде жаназа намазын оқып, жерлеуге шариғатымызда рұқсат етілген. Жаназа рәсімдерін жергілікті имам атқарады. Намаз оқыған кезде санитарлық нормаға сай мәйіт имам мен жамағаттан қашық жерге қойылады.

Төртіншіден, мәйітті жерлеу. Мәйіт зиратқа арнайы көлікпен жеткізілуі тиіс. Мәйітті жерлеу рәсімінде биоқауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс. Сондай-ақ мәйіт қайтыс болған мекенінде жерленуі тиіс. Санитариялық-эпидемиологиялық мекемесінің рұқсатынсыз мәйітті үйіне немесе басқа мекен-жайға (өзге қалаға, туған жеріне) апармаған дұрыс. 

Мұндағы мақсат – жұқпалы індеттің өзге аймақтарға таралуының алдын алу.

banner_wsj.gif

В Карагандинской области снова заработают рестораны и ТРЦ

Количество посадочных мест не должно превышать 30

Фото: Shutterstock

С 29 мая в Карагандинской области возобновят работу рестораны и торгово-развлекательные центры, сообщил в ходе онлайн-брифинга аким Карагандинской области Женис Касымбек. 

Обязательное требование к владельцам точек общественного питания, которые в скором времени смогут вновь открыть двери для посетителей, - количество посадочных мест не должно превышать 30. К администрации ТРЦ – ограничение деятельности детских площадок, кинотеатров и развлекательных центров при них. 

Помимо указанных объектов бизнеса, на 29 мая запланировано открытие гостиниц и отелей, на 1 июня – дежурных групп в детских садах. 

«Мы не видим сегодня резкого роста заболеваемости. Мы знаем все очаги, причины заражения, всю цепочку. Наш департамент контроля качества и безопасности товаров и услуг очень качественно проводит эпидемические расследования», – сказал Женис Касымбек

Он отметил, что вспышка COVID-19 на руднике Нурказган корпорации «Казахмыс» связана с многочисленностью сотрудников, вынужденных контактировать друг с другом в закрытых помещениях.  По факту заражения 133 работников ведется жесткое эпидрасследование, предприятие закрыто на карантин. 

В связи с этим руководители всех промышленных площадок получили строгие наставления по соблюдению санитарных правил. 

Согласно последним данным, к настоящему моменту в Карагандинской области зарегистрировано 662 заражения КВИ. Из общего количества инфицированных 191 уже выздоровел, трое погибли. 

Ранее сообщалось, что власти Карагандинской области отложили очередной пакет мер по смягчению карантина из-за увеличения ежедневного прироста заболеваемости до 43,3%. 21 мая 2020 года у 130 жителей Карагандинской области был уточнен диагноз COVID-19. В последующие дни счет заболевших шел на десятки: 22 мая – 42, 23 мая – 90, 24 мая – 33, 25 мая – 67.

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_kaz.png