Коронавирусқа шалдыққан Алматылық әйел Цюрихтен ұшып келген

Жарияланды
Екі адамның жағдайы белгілі болды

Алматылық әйел Цюрих қаласынан ұшып келген. Бұл туралы Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдағасымова онлайн брифинг барысында айтты.

«Қазір Алматыда инфекция жұқтырған 31 адам бар. Жаңадан тіркелген 2 жағдай бойынша айта кетейік. Оның бірі ауырған қыз баламен жақын қатынаста болған. Екіншісі әйел адам Цюрих қаласынан ұшып келген. Әуежайдан бірден таксимен үйіне жетіп, жалға алған пәтерінде оқшауланған. Бұл ошақ түгел зарарсыздандырылды»,-деді Айзат.

Оның сөзінше, індет жұқтырған адам туыстарымен байланыста болмаған.

«Алғашқы белгілері шыға бастағанда емханаға хабарласқан. Тест нәтижесі вирус бар екенін көрсетті», – деді Айзат Молдағасымова.

Сондай-ақ оқыңыз