Коронавирус жұқтырғандардың саны 6 адамға жетті

Жарияланды
Тағы екі адамнан коронавирус анықталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 эпидемиологиялық жағдай бойынша шұғыл ақпарат таратты.

«Дәл қазір белгілі болғандай коронавирус індетін жұқтырған тағы бір азамат анықталды. Ол, 1958 жылғы ер азамат. Жеке кәсіппен айналысады. Ол кісі бізге Алматы қаласына Мәскеуден 10 наурыз күні ұшақ арқылы келген. Қазіргі таңда ол кісі стационарда, карантинде жатыр. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам. Анығын біз қазір қарастырып жатырмыз. Бұл әйел адам бізге Варшава-Астана ұшағы арқылы ұшып келген болатын. Демек, қазіргі таңда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 6-ға жетті. Оның төртеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. Бұл туралы Facebook желіде айтты.

Сондай-ақ оқыңыз