Skip to main content

"Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады" – Президент коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады

Фото: kursiv.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тwitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында ДДСҰ-ның коронавирусты "пандемия" деп жариялауына қатысты мәлімдеме жасады.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс.Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", – деді президент.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус әлемде COVID-19 инфекциясының кең таралуына байланысты коронавирусты «пандемия» деп жариялаған еді. 

«Біз COVID -19-ға қатысты қалыптасқан  жағдайды пандемия деп сипаттауға болады деген қорытындыға келдік»,–деді ол Женевада өткен баспасөз мәслихатында. 

 

banner_wsj.gif

42500 теңге: миллионнан аса өтініш келіп түскен

Олардың арасында 500 мыңнан аса айлық алатындар да болған

Фото:кursiv.kz

Қазіргі кезде 938 мың адам 42500 теңге төлем алуға 1,2 млн өтініш берген. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ өткен брифингте әлеуметтік төлем жайын тағы да түсіндірді. 

«Біріншіден 42500 теңге – емлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол жұмыс істеп, ресми, бейресми тіршілік жасап жүрген азаматтарға, бірақ төтенше жағдайға қатысты табысынан айырылған адамдарға қарастырылған», – деді министр. 

Нұрымбетов жүйе әр адамды автоматты түрде тексеретінін айтып өтті. Қазір кезде  egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп тұр, арнайы телеграм- бот іске қосылады. 

"Telegram-бот бүгін іске қосылды. Ол дайын. Бірақ оны кішкене кешіктірдік. Өкінішке қарай, кейбір "ақылды кісілер" көптеген фейк, жалған Telegram-боттарды жариялап, кішкене халықты жаңылыстырды", - деп қосып өтті Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, бұл төлемге тек жағдайы қиындап кеткен кісілер ғана емес, 500 мыңдап айлық алып жүргендер де өтініш берген. 

"Алғашқы 4 мыңнан аса өтініш келіп түскен кезде, олардың 2 мыңға жуығы қаңтар, ақпан айларында 50 мыңнан аса айлық алып жүргенін анықтадық. Алайда 16 наурыздан кейін ақшасы қалмай қалыпты да, өтініш берген. Бұл енді дұрыс емес. Сондықтан сіздерден кешірім сұраймыз, бірақ сіздерге бұл ақша төленбейді",- деді министр. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif