Қазақстанның шекара бекеттерінде санитарлық-карантиндік пункттер құрылады

Жарияланды
Тізімді комиссия шешеді

Еліміздің мемлекеттік шекараларында орналасқан өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік пунктер құрылады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік пунктерді құру шараларын қолға алды. Арнайы карантиндік аймақтар құрылатын өткізу бекеттерінің тізімін ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітетін болады. Бұдан бөлек, жекелеген өткізу пунктерін уақытша жабу мүмкіндігі қаралмақ», – делінген ведомство ақпаратында. 

Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлығы 51 өткізу бекеті бар. Оның 37-сі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы) шекарасында, 14-і Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада орналасқан.
 

Сондай-ақ оқыңыз