Қазақстанның шекара бекеттерінде санитарлық-карантиндік пункттер құрылады

Тізімді комиссия шешеді

Фото: МИИР РК

Еліміздің мемлекеттік шекараларында орналасқан өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік пунктер құрылады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы.


«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік пунктерді құру шараларын қолға алды. Арнайы карантиндік аймақтар құрылатын өткізу бекеттерінің тізімін ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітетін болады. Бұдан бөлек, жекелеген өткізу пунктерін уақытша жабу мүмкіндігі қаралмақ», - делінген ведомство ақпаратында. 


Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлығы 51 өткізу бекеті бар. Оның 37-сі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы) шекарасында, 14-і Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада орналасқан.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg