Skip to main content

Қазақстандықтарға Ресей мен Беларуссияға да бармауға кеңес берілді

Алматы әуежайына індет қаупі бар 70 елдің тізімі жарияланды

Фото: Shutterstock

Алматы халықаралық әуежайы ресми өкілдерінің таратқан мәліметіне сүйенсек, әзірге тізімге енген жетпіс елге  барудың керегі жоқ.

Себебі елді  әбігерге түсіріп жатқан коронавирустың жұғу қаупі әсіресе жолаушылардың ары-бері қатынауынан да орын алып жатыр. "Сақтықта қорлық жоқ" деп, әуежай мамандары жасаған тізімде мына елдерге бармауға кеңес берілді:

 
1. Қытай
2. Оңтүстік Корея
3. Италия
4. Иран
5. Жапония
6. Германия
7. Франция
8. Сингапур
9. Гонконг
10. АҚШ
11. Испания
12. Кувейт
13. Бахрейн
14. Таиланд
15. Тайвань
16. Ұлыбритания
17. Австралия
18. Малайзия
19. Канада
20. Швейцария
21. Ирак
22. БАӘ
23. Норвегия
24. Вьетнам
25. Австрия
26. Швеция
27. Израиль
28. Ливан
29. Макао
30. Нидерланды
31. Бельгия
32. Хорватия
33. Сан-Марино
34. Грекия
35. Эквадор
36. Финляндия
37. Оман
38. Үндістан
39. Мексика
40. Дания
41. Пәкістан
42. Алжир
43. Әзірбайжан
44. Чехия
45. Грузия
46. Исландия
47. Филиппин
48. Катар
49. Румыния
50. Ресей
51. Бразилия
52. Египет;
53. Индонезия
54. Португалия
55. Ауғаныстан
56. Андорра
57. Армения
58. Беларусия
59. Камбоджа
60. Доминикана Республикасы
61. Эстония
62. Ирландия
63. Литва
64. Люксембург
65. Монако
66. Непал
67. Жаңа Зеландия
68. Нигерия
69. Северная Македония
70. Шри-Ланка.

 Әлемде коронавируспен ауырған адамдардың саны 112 мыңнан асты. Қытайдың өзінде індеттен ажал құшқандардың саны 4000-ға жуықтап қалды. 
 

banner_wsj.gif

Елорданың үш мыңға жуық тұрғыны жәрдемақыға өтініш берген

Қызметкерлердің өтінішін арнайы штаб қарастырып жатыр

Фото: Аскар Ахметуллин

Қазіргі кезде төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылып қалған 31 жұмыс берушінің 317 қызметкеріне  42500 теңге тағайындалған.  Сонымен қатар 2828 адамның өтінішін арнайы комиссия қарап жатыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті. 

"Жұмыссыз қалған азаматтарға бүгіннен бастап тиісті  жұмыс орталықтарында  онлайн арқылы  төлем беру басталады. 300-ден аса өтініш түскен болатын. Солардың бәріне, жүмысынан айырылған азаматтарға, жұмыскерлерге  беріледі  Оның көлемі 42 500 теңге көлемінде бекітілген. Мемлекет дегеніміз сіз бен біз. Біз бір бірімізді қиын-қыстау кезеңде ешқашан ұмыт қалдырмаймыз. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек уақтылы жеткізіліп жатыр",- деді әкімнің орынбасары. 

Оның айтуынша, Үкімет осы мәселеге қатысты арнайы ережелер қабылдады. Елордада ақысыз демалысқа жіберілген азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау басталды. Нүр-Сұлтанда  осы мәселемен тікелей айналысатын штаб құрылған, оның құрамына "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ комитеті, мемлекеттік органдар, жұмыспен қамту басқармасы және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, төлемдер бойынша барлық мәселелер бойынша штабқа хабарласуға болады. 

"Барлық өтініштер онлайн-режимде қабылданады. Онлайн-кеңес беру  55-14-87, 55-01-74 және 55-69-59 телефондары арқылы жүргізіледі, немесе жұмыстан босап қалған қызметкерлерді тіркеу мәселелеріне қатысты колл-орталыққа тәулік бойы хабарласа аласыз. Сонымен қатар қала әкімдігінің ресми сайтына да", - деді Мәкен.

23 наурыз күні  төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Президент  төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 42500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын. 

COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда 13 наурызда анықталды. 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша  елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді, ол 15 сәуірге дейін жалғасады және қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. 28 наурыздан бастап карантин шаралары күшейтіліп, қос қаладағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындар 30 наурыз - 5 сәуір аралығында жұмысын уақытша тоқтатты. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif