Қазақстандықтар рейстерге қанша қаражат жұмсайды

Жарияланды
Қазақстандағы ең арзан ұшақ билеті 1894 теңге

Қазақстандықтар рейстерге орташа есеппен бір адамға 60 мың теңгеден астам ақша жұмсайды,- деп хабарлайды Aviasales  жүйесінің сарапшылары.

Біздің мемлекетте ең арзан эконом-класс бойынша,  Павлодардан Нұр- Сұлтанға 1884 теңгеге билет сатып алуға болады. Ал, ең қымбат рейс Алматыдан Ванкуверге бизнес-класс арқылы , оның құны – 1 193,608 теңге.

Көбінесе қазақстандықтар жазда саяхаттайды. Билеттің орташа бағасы 69 046 теңгені құрайды. Күзде ұшу әлдеқайда арзан: орташа есеппен 52 096 теңге. Көктемде билеттердің бағасы  70 231 теңге, қыста 62 428теңге тұрады.
 

Сондай-ақ оқыңыз