Skip to main content

Қазақстанда билеттерді қайтаруды қалай рәсімдеуге болады

Халықаралық рейстер саны азайды

Фото: Shutterstock.com

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау мақсатында келесі елдерге орындалатын тұрақты рейстер саны азайды: Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, БАӘ және Грузия. Бұл туралы ҚР ІІМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Шетелдік әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Ұшу рейстерінің азаюына байланысты шетелдік әуе компанияларға билеттерді толығымен қайтарып беру немесе брондауды айыппұлсыз жүргізу ұсынылды.

Азаматтық авияция комитеті биылғы жылдың 16 наурызынан бастап тоқтатылған рейстерге билеттері бар жолаушылар, қайтарып бере алатындығын атап өтті. 

Барлық сұрақтар бойынша жолаушылар әуе компанияға келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:

Turkish Airlines: +7 727 3123250, 51, тәулік бойы;
Белавиа: +7 7172 320241, таңғы 09-00-ден бастап 19.00-ге дейін;
«Fly Dubai»: +7 800 070 2833, (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;
Etihad Airways: +7 800 5556248, тәулік бойы;
Pegasus Airlines: +7 705 5558444, тәулік бойы;
Uzbekistan Airways: +7 7172 910459, 60; 9.00-ден бастап 18-00-ге дейін;
Эйр Астана: +7 7172 584477, +7 727 2444477, +7 702 7024477, тәулік бойы;
SCAT: +7 7252 998880, тәулік бойы.

Бұрын хабарланғандай, індетті 118 мыңнан астам адам жұқтырған, шамамен  қайтыс болғандар саны 4,3 мыңға жетті.
 

banner_wsj.gif

Елорданың үш мыңға жуық тұрғыны жәрдемақыға өтініш берген

Қызметкерлердің өтінішін арнайы штаб қарастырып жатыр

Фото: Аскар Ахметуллин

Қазіргі кезде төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылып қалған 31 жұмыс берушінің 317 қызметкеріне  42500 теңге тағайындалған.  Сонымен қатар 2828 адамның өтінішін арнайы комиссия қарап жатыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті. 

"Жұмыссыз қалған азаматтарға бүгіннен бастап тиісті  жұмыс орталықтарында  онлайн арқылы  төлем беру басталады. 300-ден аса өтініш түскен болатын. Солардың бәріне, жүмысынан айырылған азаматтарға, жұмыскерлерге  беріледі  Оның көлемі 42 500 теңге көлемінде бекітілген. Мемлекет дегеніміз сіз бен біз. Біз бір бірімізді қиын-қыстау кезеңде ешқашан ұмыт қалдырмаймыз. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек уақтылы жеткізіліп жатыр",- деді әкімнің орынбасары. 

Оның айтуынша, Үкімет осы мәселеге қатысты арнайы ережелер қабылдады. Елордада ақысыз демалысқа жіберілген азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау басталды. Нүр-Сұлтанда  осы мәселемен тікелей айналысатын штаб құрылған, оның құрамына "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ комитеті, мемлекеттік органдар, жұмыспен қамту басқармасы және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, төлемдер бойынша барлық мәселелер бойынша штабқа хабарласуға болады. 

"Барлық өтініштер онлайн-режимде қабылданады. Онлайн-кеңес беру  55-14-87, 55-01-74 және 55-69-59 телефондары арқылы жүргізіледі, немесе жұмыстан босап қалған қызметкерлерді тіркеу мәселелеріне қатысты колл-орталыққа тәулік бойы хабарласа аласыз. Сонымен қатар қала әкімдігінің ресми сайтына да", - деді Мәкен.

23 наурыз күні  төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Президент  төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 42500 теңге жәрдемақы төлеуді тапсырған болатын. 

COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда 13 наурызда анықталды. 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша  елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді, ол 15 сәуірге дейін жалғасады және қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. 28 наурыздан бастап карантин шаралары күшейтіліп, қос қаладағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындар 30 наурыз - 5 сәуір аралығында жұмысын уақытша тоқтатты. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif