Қазақстан Германиямен әуе қатынасын тоқтатпайды

Жарияланды
Ұшып келіп жатқандар еліміздің азаматтары

Қазақстан мен Германия арасындағы рейсті тоқтатудың қажеті жоқ,- деп мәлімдеді Елжан Біртанов.

 «Германиямен әуе қатынасы толықтай жаппаймыз, өйткені негізінен біздің азаматтар ұшып келеді. Қазіргі уақытта іссапарлар мен демалыс кезеңі басталғандықтан, біз әуе қатынасын тоқтату қажеттілігін көріп отырған жоқпыз »,-деді министр.

Бүгін екі қазақстандықтан коронавирус инфекциясы  белгілі болды. Індетті жұқтырған екі адам Германиядан келді. Олар қазір Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша науқастар өзін жақсы сезінеді екен.
 

Сондай-ақ оқыңыз