Skip to main content

Карантинді сақтамағандарға айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылады

ҚР Бас прокуратурасы ТЖ қатысты үндеу жариялады

Фото: www.shutterstock.com

Бас прокурордың орынбасары Б.Дембав карантин кезінде қойылған талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады деп мәлімдеді.  Айталық, мұндай әрекеттер абайсызда адамдардың жаппай вирус жұқтыруына немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауаптылық туындайды. Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша, 2 мың АЕК айыппұл салудан бастап, 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағандар үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Үндеуде Қылмыстың Кодекстың 379-бабы бойынша, 2 мың АЕК айыппүл салынады, тіпті 2 жыл бас бостандыған айыру қарастырылыған. 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 90-бабына сәйкес, азаматтар медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексеруден және емделуден өтуге міндетті»,– деді Б.Дембаев. 

Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тұрғындардың және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 

 «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды, оларға инфекцияны анықтау мен алдын алуға көмек көрсетуді сұраймыз. Полицияның осындай талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауаптылық – ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша,  40 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамаққа алу көзделгенін ескертеміз»,– делінген үндеуде.

Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.
Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қызметін тоқтата тұру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін. 

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 16 наурыз – 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланып, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаларында 19 наурыздан карантин режимін енгізіледі.
 

banner_wsj.gif

Токаев призвал военнообязанных на спецсборы

Комплектуются территориальные войска ВС РК

Фото: akorda.kz

2 апреля президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал указ о призыве военнообязанных страны на специальные сборы. Текст документа опубликовала Акорда.

Токаев постановил призвать военнообязанных на специальные сборы для укомплектования территориальных войск вооруженных сил Республики Казахстан.

Местным исполнительным органам столицы, городов республиканского значения и областей было поручено по согласованию с генеральным штабом вооруженных сил Республики Казахстан организовать и обеспечить проведение призыва военнообязанных на специальные сборы через соответствующие местные органы военного управления, определив количество призываемых военнообязанных и сроки проведения специальных сборов.

Указ вводится в действие со дня опубликования – 2 апреля.

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif