Skip to main content

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 8-ге жетті

Барлығы оқшауланды

фото: kursiv.kz

«Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас - әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы табылды. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшауланды. Бәрі сол инфекциялық ауруханада», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында көрсетілген тікелей эфирінен алынды.

 

Министр екінші пациент ер адам екенін айтты. Ер адам 1995 жылы туылған.

 

«Ол кеше Сеул-Алматы арқылы ұшақпен ұшып келген. Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және оқшауланған стационарға жатқызылды. Қалаға ешкім кірген жоқ. Сол науқастардың арасында карантинді біз диагностикалық нәтижесінде бір пациентті анықтадық», - деді ол.

 

Сонымен, елімізде жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 8-ге жетті. Барлығы оқшауланған.

 

 Сонымен қатар, 1425 адам стационарда оқшауланса, ал 496 үй жағдайындағы карантинде жатыр.

 

banner_wsj.gif

Түркияда қалып қойған қазақстандықтарды Павлодарға әкелді

Олардың барлығын бірден карантинге жапты.

Фото: Shutterstock

Бүгін сағат 9:55-те Павлодар әуежайына бортында 125 қазақстандық бар ұшақ  Түркиядан келіп қонды. Олардың басым бөлігі- Павлодар облысының тұрғындары. 

Рейсті күтіп алғандардың барлығы арнайы қорғаныс костюмдерін киген. Елге оралғандардың температурасын өлшеп, коронавирус белгілеріне тексерді. Сондай-ақ, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтап, арнайы сауалнама жүргізілді. Жолаушылардың сырт киімдеріне дезинфекция жасалғаннан соң автобустармен карантин орнына жеткізілді. Сондай-ақ, олардың жүктеріне тазарту жұмыстары жүргізілді. Жолаушылар жүктерін карантиннен шыққаннан кейін ғана ала алады. 

Түркиядан келген қазақстандықтар алдағы уақытарын карантинде өткізеді. Бүгін оларды арнайы дайындалған мекемелерге жатқызды. Бұл жерде әр адамға медициналық сараптама жасалады. Оның нәтижесі 1 тәулік аралығында белгілі болмақ. Егер COVID–19 анықталған болса, пациентті бірден инфекциялық стационарға жеткізіп, боксқа оқшаулайды. 

Жолаушыларды тасымалдауға жұмылдырылған ұшақ пен барлық көліктерді, яғни автобустар мен жедел жәрдем машиналарын да дезинфекциялады.  

Еске сала кетейік,  бұл Қазақстанға азаматтарды шетелген әкелген алғашқы рейс емес. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларына арнайы ұшақтар отандастарымызды жеткізген еді.

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif