Египет коронавирусқа байланысты ішкі әуе қатынасын толығымен тоқтатады

Жарияланды
Туристерге демалыс күндерін кесте бойынша аяқтауға рұқсат берді

«Мысырдың барлық әуежайлары коронавирустың таралуына байланысты 19 наурыздан 31 наурызға дейін жұмысын тоқтатады»,- деді премьер-министр Мұстафа Мадбули. Бұл туралы РИА Новости Sky News Arabia арнасына сілтеме жасап хабарлады.

 «Египеттің барлық әуежайлары коронавирусқа байланысты әуе қозғалысы 19 наурыз бастап тоқтайды. Соңғы ұшақ 12.00-де ұшады. Рейстер 31 наурызға дейін тоқтатылады », – деді премьер.

Премьер-министр елде демалыста жүрген туристерге «туристік бағдарламаны белгіленген мерзімде аяқтауға рұқсат берілгендігін» атап көрсетті.

Египеттің Денсаулық сақтау министрлігі 15 наурызда коронавирустық инфекцияның 126 жағдайы туралы хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 26 адам емделді, екеуі қайтыс болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз