Джек Ма Қоры Қазақстан мен Өзбекстанға көмек көрсетпек

Жарияланды
Сонымен қатар, Әзірбайжан мен Қырғызстанға да қол ұшын бермек

Alibaba қытай корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма коронавируспен күресу үшін жеті елге көмектеседі. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Коронавируспен күресу үшін бірінші кезектегі медициналық заттар Қазақстанға, Әзірбайжанға, Бутанға, Үндістанға, Қырғызстанға, Вьетнамға және Өзбекстанға жіберіледі. 1,7 миллион медициналық маска, 165 000 тест жүйесі, сондай-ақ қорғаныс киімдері мен медициналық жабдықтар: механикалық вентиляторлар мен термометрлер беріледі.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 наурыз күні кешке COVID-19 жұқтырғандардың саны 11 адамға артты. Жалпы, Өзбекстанда коронавируспен ауыратын 144 науқас бар.
 

Сондай-ақ оқыңыз