COVID-19: Анық ақпарат тарататын ресурстар

Коронавирусқа қатысты фейк мәліметке ұрынбау үшін қандай Telegram каналдарға жазылу керек?

Фото:shutterstock.com

Желіде жалған ақпарат желдей есіп жүр. Ондай фейк жаңалықтар әдетте тез таралады. Мысалы бүгін ғана коронавирустан үш адам қайтыс болғаны туралы мәлімет шықты. Анық-қанығын тексермей, көпшілік бөлісіп жатты. Елді негізсіз нәрселермен дүрліктірмеу үшін тек ресми дереккөздерге сүйенген дұрыс. Осы ретте бірнеше Telegram каналдарға жазылуға кеңес береміз.

1.      Денсаулық сақтау министрлігі. Коронавирусқа қатысты ақпарат алдымен осы каналда жарияланады. Күніне бірнеше рет сол сәттегі ахуал бойынша деректер жаңарып тұрады.

2.      Білім және ғылым министрлігі. Білім беру мекемелері қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Соған байланысты тегін ресурстар, білім саласына қатысты соңғы жаңалықтар осы жерге жарияланады. Сонымен бірге ата-аналардың чатында тараған ақпараттардың анық-қанығын осыдан білуге болады.

3.      Сыртқы істер министрлігі.  Елге кіру, шекара асу, өзге мемлекеттермен байланысқа қатысты ақпараттар ала аласыз. Қандай шектеулер бар, өзге елдерде коронавирус жұқтырған қазақстандықтар болса, оны да осы каналдан білеміз.

4.      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Карантин енгізілгендіктен, жол тасымалына қатысты көп сауал туындайды. Теміржол рейстері, автокөлік және әуе қозғалысы туралы ақпарат осында бар.

5.      Азаматтық авиация комитеті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарайтын комитеттің каналынан әуе рейстеріне қатысты ақпарат аласыз. Ел ішіндегі және халықаралық рейстердің қалай жүзеге асып жатқаны, байланыс нөмірлерін табуға болады.

6.      Алматы қаласы әкімдігі. Карантинге қатысты қалада қойылған шектеулер, өткізілетін брифингтер, аймақтағы ахуал жайлы ақпарат лезде жаңартылып отырады.

7.      Коронавирус инфекциясына қатысты бот - @kz_hls_bot. Бұл жерде вирус жайлы толыққанды ақпарат бар. Ботты іске қосқан соң, қазақ не орыс тілін таңдайсыз. Мәзірде вирус туралы, одан қалай қорғану керек, қалай және қайда емдейді, карантин мен оқшаулау деген не сынды сауалдарға жауап ала аласыз.

8.      Бірге тексерейік.  Фейк ақпаратпен күрес жүргізетін factcheck.kz сайтының каналы. Мессенджерлерде тараған түрлі даурықпалардың рас-өтірігін анықтайды.

Қазақстандағы дәл қазіргі сәттегі ахуалды білгіңіз келсе, coronavirus2020.kz сайтынан ақпарат алуға болады. Әлемдегі жағдайды worldometers.info -ға кіріп көре аласыз.

banner_wsj.gif

Елорданың дәріханаларындағы дәрі бағасын арнайы топ қадағалайды

Дәрі-дәрмек адам басына 2-3 қаптамадан ғана беріледі

Фото:astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы дәріханаларындағы дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арнайы құрылған топ қадағалайды. Сонымен қатар дәрілік заттарды тарату адам басына 2-3 қаптамамен шектелген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Қаланың дәріханаларында пандемияға жағдайында қажетті дәрі-дәрмектердің болуын қадағалайтын мониторингтік топ елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен құрылды. Топты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп құрды. 

Мамандар қаланың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді. 

Тізімде мынадай препараттар бар: «Тамифлю», «Кардиомагнил», «Аспирин», «Тромбо асс», «Аспирин-Кардио», «Ксарелто 15 мг», «Азитро 500 мг», «Азитрокс 500 мг», «Азитромицин 500 мг», «Азицин 500 мг», «Заха 500 мг», «Зитмак 500 мг», «Зитрокс 500 мг», «Сумамед 500 мг», «Амоксиклаб», «Аугментин», «Амоксиклав», «Клавам», «Флемоклав Солютаб», «Цефиксим», «Цефим», «Супракс солютаб», «Супракс 24», «Токсим-О», «Тамифлю», «Осельтамивир», «Инфлюцеин», «Флувир», «Номидес», «Ингавирин 90 мг», «Эргоферон», «Кагоцел», «Арпефлю», «Парацетамол», «Эффералган», «Панадол», «Нурафен», «Ибупрофен», «Новиган», «Миг 400», «Нимесулид». 

«Дәріхана ұйымдарының басшыларына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмектердің шекті бөлшек сауда бағаларын қатаң сақтау тапсырылды. Шешім дәріхана ұйымдары үшін міндетті болып табылады. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін әкімдік пен бөлшек сауда желісінің қауымдастықтары арасында дәрі-дәрмек жеткізілімін шектеу мақсатында әр сатып алушыға 2-3 қаптамадан асырмау туралы меморандум жасалды. «Емдеу кезінде препараттың дәл осындай мөлшері қажет, өйткені олардың жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары бар», – деп хабарлады департаменттен.

9 шілдеге дейін бірқатар вирусқа қарсы, ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер елорда дәріханаларына жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар ыстық түсіретін дәрі-дәрмектердің тапшылығында олардың балама нұсқалары бар: «Панадол», «Эффералган», «Ибупрофен», «Ибуфен», «Миг», «Новиган», олар дәріханаларда бар. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін азаматтар санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: маска, қолғап киіп, қолын сабынмен жуып, әлеуметтік қашықтық сақтау қажет.
 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg