Бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды 

Жарияланды
Олар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматы облысында бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 12 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

  «Түрлі амал-айлаға баратын азаматтар бекеттерді айналып өтуге тырысады. Агрессия көрсетіп, қарсылық танытып, тіпті полиция өкілдерінің заңды талаптарына да бағынғысы келмейтіндер кезігіп жатады. Жалпы, төтенше жағдай режимін бұзу – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу туралы жазаны қарастырады. Сонымен қатар, төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің заңды талабына бағынбаған азаматтарға екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деп хабарлайды Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасының басшысы Марат Куштыбаев. 

Ұсталған азаматтардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір күдіктілер сегіз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды.
 

Сондай-ақ оқыңыз