Азиядағы ең бай адам анықталды

Жарияланды
Ол Alibaba компаниясының негізін қалаушы 

Alibaba қытай корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма Азиядағы ең бай адам атанды.

Мұнай бағасының құлдырауынан кейін үнділік Reliane Industries холдингінің иесі Мукеш Амбани Азиядағы ең бай адамдардың тізімінде екінші орынға түсті. Бір күн ішінде ол шамамен 5,8 миллиард доллар жоғалтты.

Bloomberg мәліметтеріне сәйкес Джек Ма-ның байлығы 44,5 миллиард долларды құрайды, бұл Амбаниге қарағанда 2,6 миллиард долларға көп. Джек Ма соңғы 24 сағат ішінде шығындарды азайтып, тек бір миллиард доллар жоғалтты.

Alibaba Group – Қытайдағы ең ірі интернет-компания. Ол 1999 жылы құрылған. Топтың бірнеше еншілес және Интернет-сайттары бар – Alibaba Pictures, Alibaba.com, AliExpress.com, Taobao.com, Tmall.com
 

Сондай-ақ оқыңыз