1 view

Ауылдағы әйелдерге 4% -бен несие беріледі

Бұл несие көпбалалы аналар немесе тұрмысы төмен отбасыларға арналған

Фото: Shutterstock

 

Биыл президенттің тапсырмасы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына микрокредит беру тетіктері қайта қаралды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЕХӘҚМ жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Абулхатин айтты.

«Биыл президенттің тапсырмасы бойынша,  көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелеріне шағын несие беру тетіктері қайта қаралды. Яғни әйелдерге 7 жылға дейін,  жылдық 4% мөлшерінде қаражат беріледі. Микрокредиттің сомасы қызметтің барлық түрлеріне, оның ішінде үйде бизнесті жүргізуге  де 20 миллион теңгеге дейін алу мүмкіндігі бар», - деді ол.

Сонымен қатар, спикер "Enbek" бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға да  өзгерістер енгізілгенін хабарлады:

«Мемлекет бизнесті енді бастаушыларға  тегін гранттар береді. Өткен жылы гранттар 100 АЕК-тен болса, биыл грант 200 АЕК көлемінде беріледі. Бұл ауыл әйелдерінің бизнесін дамыту үшін, әсіресе  қолөнер сияқты  отбасылық бизнес үшін өте жақсы бастапқы қаржы».

Оның айтуынша, көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алатын әйелдер, егер практикалық білімі болса, кәсіпкерлік негіздерін білмей-ақ осы гранттарды ала алады .

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер