Алматының бас санитарлық дәрігері карантинге жатқызылды

Жарияланды
Ол коронавирус анықталған жолаушымен бір ұшақта болған

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Айзат Молдақасымова үй жағдайында карантинде жатыр. Бұл туралы оның орынбасары Әсел Қалықова хабарлады, деп жазады Қазақпарат тілшісі. 

«Расымен де, Айзат Молдақасымова Франкфурт – Алматы рейісімен ұшып келді. Рейсте болған жолаушылардың ішінен бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ол кісіге стандартты тексеру жұмыстары жүргізілді»,-деді Әсел Қалықова. 

Әселдің сөзінше, Айзат Молдақасымова 13 наурыз күні таңертеңгі уақытта  жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды.

«Нәтиженің теріс болуына байланысты және ол келген ел 2 б санатына жататындықтан, ол үйіне жіберілді. Алдағы күндері дәрігердің бақылауында болады»,-деп нақтылады Әсел Қалықова.
 

Сондай-ақ оқыңыз