Skip to main content

Алматылықтар күніне тамаққа қанша қаражат жұмсайды?

Сервис пайдаланушыларының транзакцияларға талдауы жасалды

Фото: Shutterstock.com


Chocofood азық-түлік өнімдерін жеткізу қызметі мен «Рахмет» хэшбек- қосымшасының мамандары алматылықтардың күніне тамаққа қанша ақша жұмсайтынын анықтады. «Рахмет» қолданушысы «Тамақтану» санаты бойынша орташа есеппен 2 134 теңгені құрайды. Ал  Chocofood клиенттері -  күніне тамаққа 2 723 теңге жұмсайды екен. Бұл деректер осы қызметтерді пайдаланушылардың транзакцияларын талдау негізінде жасалды.

 «Біздің қолданушылар арасында «Азық-түлік», «Фастфуд», «Өнімдер» санаттарын пайдалану кезінде орташа есеп 2000 теңгені құрайды. Бұл адамдар жиі тамақтана алатын мекемелерді таңдаумен байланысты. Адамдардын көп шоғырланатын жері бизнес орталықтарындағы кофеханалар, жеке орналасқан кофеханалар, бизнес орталықтардағы  азық-түлік корттары, асханалар және т.б », - деді Рахметтің жоба менеджері Нұркен Рзалиев.

Оның айтуынша, халық көбінесе  таңертең 8: 30-дан 10: 00-ге дейінгі уақытта келеді. Транзакцияның екінші толқуы - түскі ас,  ал үшінші уақыты - кешкі жетіден басталады. Клиенттердің 70-80% -ы кафелер, асханалар, мейрамханаларды құраса, негізгі кірісті тұрақты қонақтардан 15-20% пайда табады. Олар табыстың 90%  құрайды.

 «Біз азық-түлік санатындағы екі мың ұйымның рейтингін зерттеп бірнеше жайтты түсіндік. Егер адам үнемі бес жұлдызды бағамен бағаласа, әрине, ол қайтып келеді. Ең таңқалдыратыны, егер клиент ең нашар бағаны қойса, онда оның талаптарын  орындап, қайтаруға болады. Жағдайдың ең нашар кезі- клиент  үшті қойғаны, бұл бейтарап бағалау, бірақ одан кейін, оны қайтару қиынға соғады. Сондықтан сіз теріс бағалаудан емес, бейтарап бағадан қорқуыңыз керек », - деді ол.

Қазақстандықтардың тамақ жеткізу қызметін пайдаланатын адамдар үшін гамбургер мен пицца сүйікті асы екендігі бұрын хабарланған болатын. 


 

banner_wsj.gif

42500 теңге: миллионнан аса өтініш келіп түскен

Олардың арасында 500 мыңнан аса айлық алатындар да болған

Фото:кursiv.kz

Қазіргі кезде 938 мың адам 42500 теңге төлем алуға 1,2 млн өтініш берген. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ өткен брифингте әлеуметтік төлем жайын тағы да түсіндірді. 

«Біріншіден 42500 теңге – емлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол жұмыс істеп, ресми, бейресми тіршілік жасап жүрген азаматтарға, бірақ төтенше жағдайға қатысты табысынан айырылған адамдарға қарастырылған», – деді министр. 

Нұрымбетов жүйе әр адамды автоматты түрде тексеретінін айтып өтті. Қазір кезде  egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп тұр, арнайы телеграм- бот іске қосылады. 

"Telegram-бот бүгін іске қосылды. Ол дайын. Бірақ оны кішкене кешіктірдік. Өкінішке қарай, кейбір "ақылды кісілер" көптеген фейк, жалған Telegram-боттарды жариялап, кішкене халықты жаңылыстырды", - деп қосып өтті Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, бұл төлемге тек жағдайы қиындап кеткен кісілер ғана емес, 500 мыңдап айлық алып жүргендер де өтініш берген. 

"Алғашқы 4 мыңнан аса өтініш келіп түскен кезде, олардың 2 мыңға жуығы қаңтар, ақпан айларында 50 мыңнан аса айлық алып жүргенін анықтадық. Алайда 16 наурыздан кейін ақшасы қалмай қалыпты да, өтініш берген. Бұл енді дұрыс емес. Сондықтан сіздерден кешірім сұраймыз, бірақ сіздерге бұл ақша төленбейді",- деді министр. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif