Алматыда тұрақ үшін төлем тоқтатылды

Жарияланды
Төтенше жағдай кезінде

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында барлық көлік тұрақтары тегін болады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» жазады.

Коронавирустың таралуына байланысты Алматының қалалық тұрақтарында 21 наурыздан бастап ақы алынбайды. Ақылы тұрақтар тұрғындардан ақыны 15 сәуірге дейін алмайды»,-делінген A-Parking компаниясы таратқан ақпаратта.

19 наурыздан бастап аталмыш екі мегаполисте карантин енгізілді. 16 наурызда ел бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның ішінде Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25 және Қарағандыда – 2 жағдай тіркелді.
 

Сондай-ақ оқыңыз