Алматыда төтенше жағдай жарияланған жоқ

Жарияланды
Жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдай жариялауға құқығы бар

 «Алматыда төтенше жағдай жариялау әлі қажет емес»,-деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

  «Жағдай бақыланатын болады. Егер қатаң шектеу шаралары қажет болса, облыс әкімінің төтенше жағдай жариялауға құқы бар. Сонда ғана қатаң шектеулер болады. Әрине, бұл бұқаралық іс-шараларды шектеу ғана емес, сонымен қатар халық көп шоғырланатын орындарды жабу болып табылады», – деді ол бүгін ОКҚ-да өткен брифингте.

Бүгін Денсаулық сақтау министрлі Қазақстанда коронавирус дерегінің анықталғанын хабарлады. Індетті Германиядан Алматыға келген, екі адам жұқтырған.

Науқастың біреуі Қазақстанға 9 наурызда келген, ал екінші адам 12 наурызда келген. Олар Алматы қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына дереу карантинге жабылған.
 

Сондай-ақ оқыңыз