Skip to main content

Алматыда коронавируске байланысты 500 адамға іздеу салынуда

Қаланың бас санитар дәрігері пікір білдірді

Фото: Shutterstock


Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Айзат Молдағасымова коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен бірге болған 500-ге жуық адамды ҰҚК мен полиция іздестіріп жатқаны туралы ақпарат берді. 


«488 адам - бұлар санаттар бойынша бақылауға алынатын адамдар. Олардың барлығы коронавирусты жұқтырғандармен немесе күдік келтірілгендермен байланыста болды дегенді білдірмейді », - деп түсіндірді Айзат Молдағасымова.


Бұл адамдар науқастармен байланыста болмаған және оқшауланбайды. Соған қарамастан оларды іздестіру және медициналық бақылауға алу жұмыстары жалғастырылуда.


Дерт анықталған елдерден 10 ақпаннан бері елімізге келіп жатқан адамдарды медицина қызметкерлері қадағалап, катаралды белгілер байқалған жағдайда қадағалауға алады.  
Молдағасымова сонымен қатар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтты.


«Коронавирус инфекциясы оң нәтиже берген Германиядан 68 адам келді. Олармен оқшаулау бойынша жұмыстары жүргізілуде », - деді Айзат Молдағасымова.
 

banner_wsj.gif

42500 теңге: миллионнан аса өтініш келіп түскен

Олардың арасында 500 мыңнан аса айлық алатындар да болған

Фото:кursiv.kz

Қазіргі кезде 938 мың адам 42500 теңге төлем алуға 1,2 млн өтініш берген. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ өткен брифингте әлеуметтік төлем жайын тағы да түсіндірді. 

«Біріншіден 42500 теңге – емлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол жұмыс істеп, ресми, бейресми тіршілік жасап жүрген азаматтарға, бірақ төтенше жағдайға қатысты табысынан айырылған адамдарға қарастырылған», – деді министр. 

Нұрымбетов жүйе әр адамды автоматты түрде тексеретінін айтып өтті. Қазір кезде  egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп тұр, арнайы телеграм- бот іске қосылады. 

"Telegram-бот бүгін іске қосылды. Ол дайын. Бірақ оны кішкене кешіктірдік. Өкінішке қарай, кейбір "ақылды кісілер" көптеген фейк, жалған Telegram-боттарды жариялап, кішкене халықты жаңылыстырды", - деп қосып өтті Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, бұл төлемге тек жағдайы қиындап кеткен кісілер ғана емес, 500 мыңдап айлық алып жүргендер де өтініш берген. 

"Алғашқы 4 мыңнан аса өтініш келіп түскен кезде, олардың 2 мыңға жуығы қаңтар, ақпан айларында 50 мыңнан аса айлық алып жүргенін анықтадық. Алайда 16 наурыздан кейін ақшасы қалмай қалыпты да, өтініш берген. Бұл енді дұрыс емес. Сондықтан сіздерден кешірім сұраймыз, бірақ сіздерге бұл ақша төленбейді",- деді министр. 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif