Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі өзгерді

Жарияланды
Жолаушылардың саны 70%-ға дейін азайды

26 наурыздан бастап, Алматы қаласында қоғамдық көлік 19:00-ге дейін ғана жұмыс істейді ,-деп хабарлады Алматы әкімдігінің телеграмм каналы.

Қоғамдық көлік жұмысының мониторингі мен талдауы бойынша жолаушылардың саны 70%-ға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қоғамдық көліктер мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық көлік сағат 06:00 мен 19:00 арасында жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар саны айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жоспарлы 95%  штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды.
 

Сондай-ақ оқыңыз