Алматыда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері нысандарды зарарсыздандырды

Жарияланды
Көше, ғимарат,қоғамдық орындар тазартылды

Алматыда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері көшелерді, ғимараттарды және қоғамдық орындарды зарарсыздандырды. Бұл туралы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаладағы зарарсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизонынан барлығы 2000-ға жуық әскери қызметшілер тартылған. Бүгінгі күнге дейін арнайы бөлімшелер шаһардағы мектептер, балабақшалар, балалар алаңқайлары, емханалар және терминалдар сынды 284 нысанында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

«Біздің басты мақсатымыз – инфекцияның таралуын тоқтату. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағаттан астам уақыт, ал заттардың үстінде 48 сағат өмір сүреді және ауа-тамшы жолымен жұғу қауіпі жоғарылайды. Сондықтан көшелер мен қоғамдық орындарды зарарсыздандыру – коронавируспен күресу кезіндегі маңызды жұмыстың бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда біздің бөлімшемен жалпы көлемі 1 млн 329 м2 құрайтын 81 нысан зарарсыздандырылды, аталған жұмысқа 500-ге жуық адам және 24 «АРС-14» автоқұйылмалы станциялары тартылды», – деді майор Алмас Қасымханов. 

Алматы қаласының айналасында қойылған 21 блокбекеттерінде карантин режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларының аясында 230-ға жуық әскери қызметші қызмет атқарып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз