Алматыда блокпосттар бейнекамера бақылауында

Жарияланды
Полиция Департаменті  күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге көшті

Алматы полициясы бақылау пунктеріндегі жағдайды бейнекамералардың көмегімен бақылап отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ел ішінде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, ПД-нің қызметі мен бөлімшелерінің құрамы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге көшті.

 «Қорғаныс министрлігінің мыңға жуық әскери қызметшілері карантин аймағында құрылған 27 бақылау пунктерінде қызмет етеді. Сонымен қатар, инфекция ошақтары мен медициналық мекемелерін қоршауға алу туралы шаралар қабылданды. 150-ге жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері тәулік бойы қызмет етеді.», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.
 

Сондай-ақ оқыңыз