Алматыда бір науқастың жағдайы ауыр

Жарияланды
Науқастардың хал жағдайы мәлім болды

Барлық пациенттерде қазіргі уақытта жай-күйі – қанағаттанарлық. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді

Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 пациент бар, оның ішінде екеуі — бала.

«38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жай-күйі, сондай-ақ, нашарлаусыз ауырлығы орташа дәрежеде, біреуінде – жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 1956 жылы туылған бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуымен байланысты»,-деді ол. 

Бүгінгі күні карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда.

Бүгін жұқпалы аурулар ауруханасынан Covid-19 вирусы расталған әйел адам жазылып шықты. Ол елімізде коронавирус індетінен емделіп шыққан алғашқы науқас.

 
 «Пациент шет елдерде – еуропалық елдердің бірінде коронавирусты жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда бастан кешірді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі бақылау талдауы коронавирустың болуына теріс нәтиже көрсетті. Азаматша Еуропа елдерінің бірінде дертке шалдыққан болатын»,- деді Тілеухан Әбілдаев. 
 

Сондай-ақ оқыңыз