Skip to main content

Алматы полициясы call-орталығын іске қосты

254-4007 нөмірімен жұмыс істейтін орталыққа барлық мәселеңді айтуға болады

Фото: Shutterstock

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов пен Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді

«Қымбатты азаматтар! Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің аумағында төтенше жағдай жарияланған болатын. Соған орай Ішкі істер министрінің бұйрығымен жеке құрам қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Полицияның басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта департамент коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін онымен күресу шараларын жүргізуде. Мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерімен бірлесе отырып инфекция жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болған тұлғаларды іздестіру шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні осындай 798 азамат анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді», — деген Қанат Таймерденов Алматы қаласына карантиндік режимнің не үшін енгізілгенін түсіндірді. 

«Ерекше маңызға ие мемлекеттік нысандар мен мекемелерді тәулік бойы күзету жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен үстіміздегі жылдың 19 наурызында сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Басты мақсат – қаланың сыртқы аумағын бақылап, қаланың ішіндегі карантин режимін қатаң қадағалау арқылы инфекцияның таралуын тоқтату. Алматының шекараларына автокөліктің кіруі мен шығуына шектеу қойылады. Соған байланысты қаланың барлық кіреберістеріне және он магистральға 27 блок-бекет қойылады. Сол жерге күнделікті полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің жауынгерлері жұмылдырылады», — деген Қанат Таймерденов Полиция департаментінде арнайы call-орталық жұмыс істейтінін де атап өтті. 

«Полиция департаментіндегі call-орталық 254-4007 нөмірімен жұмыс істейді. Бұл орталық азаматтар тарапынан туындаған мәселелерді қарастырып, барлық сұрақтарына шұғыл жауап беріледі. Құрметті азаматтар! Сіздердің Ішкі істер органдары тарапынан жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Өйткені, олар сіздің және сіздің жақындарыңыз үшін қабылданып жатқан шара», — деп азаматтардың сабыр сақтауын сұрады. 

Ал қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова әрбір блок-бекетте арнайы мамандар жұмыс істейтінін атап өтті. 

«Алматы қаласы аумағындағы блок-бекеттерде арнайы қызметтің мамандары жұмыс істейді. Олардың мақсаты – коронавирустық инфекциямен ауырған немесе оны жұқтыруы мүмкін деген күдіктілерді анықтаумен айналысады. Әрбір блок-бекет жеткілікті көлемде тепловизорлармен жабдықталған. Қызуы көтерілген жүргізушілері бар көлік анықталған жағдайда олар кері қайтарылады. Олар жайлы мәліметтер өз уақытта аймақтық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберіледі. Олар сол тұлғалармен байланыста болған азаматтарға профилактикалық шаралар және медициналық бақылау жүргізеді», — деді Әсел Қалықова.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимін енгізілетінін хабарлаған болатын.

banner_wsj.gif

Қазақстанның кейбір облыстарында су тапшылығы сезілуі мүмкін

Оған трансшекаралық өзен суының азаюы себеп

Жаңа егіс науқанының алдында еліміздің бірқатар аймақтарында су тапшылығы сезілуі мүмкін. Бұл туралы геология, экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев суармалы жердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралған үкімет отырысында мәлімдеді. 

Министр гидрологиялық болжам бойынша, биыл оңтүстік және батыс облыстарда су тапшылығы сезілуі мүмкін дейді. Бұған дейін ел үкіметі елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басым бағыт деп белгілеген еді. Осы орайда Мырзағалиев ауыл шаруашылық саласында жүрген шаруаларды қажетті сумен қатамасыз ету – осы міндеттің бір бөлігі деп тұжырымдайды.

«Осыған орай біз тиісті шараларды қабылдадық. Су қоймаларының жұмыс кестесі қайта қаралып, әзірленді. Оны дайындау барысында суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету есепке алынды. Қазіргі таңда су қоймалары толтырылып жатыр",- деді ол Үкімет отырысында. 

Қазақстанның трансшекаралық өзендері бастау алатын көрші елдер – Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда да су тапшылығы сезілуі жағдайды одан әрі ушықтырып тұр. Бұл өзендердің суы елдің оңтүстігі мен батысында ауыл шаруашылық мақсаттағы жерді суаруға пайдаланылады.

«Біз өз тарапымыздан өзбек, қырғыз және тәжік әріптестерімізбен тиісті  келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің басты назарда – Сырдария, Шу, Талас өзендері және мемлекетаралық каналдар бойынша Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына қажетті су келуін қамтамасыз ету. Осыған орай, видеобайланыс арқылы 10 сәуірде су шаруашылық министрліктерінің арасында консультация өткізу жоспарланған»,– деп айтып өтті министр.

Минстрліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі. Былтыр сол жерлерді суару үшін 12,3 млрд м3 су жұмсалды. Бұл еліміз бойынша тұтынатын судың 67% құрайды.

Бір гектар жерді суаруға кететін су көлемін орта есеппен 6 м3-ке дейін азайтса, ұнемделген сумен тағы да 2 млн гектар жерді суғаруға болады екен. Сондықтан министр суды үнемдеу технологиясын көбірек пайдалану керек деп тұжырымдайды. 

«Тамшылатып суару, жаңбырлату және егіс көлемін жоспарлаудың жаңа технологиялары пайдаланылатын суды бұрынғы тәсілдермен салыстырғанда, 33 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы - шығындалған судың өнімділігі артады, 1 шаршы мерт суды пайдалана отырып, 2,5 есе көп өнім алуға болады»,– деді ол. 

Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында 205 километр канал тазаланды және бұл жұмыс әрі қарай жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, 335 гидротехникалық нысандар жөнделіп, 39 километр канал бетонмен қапталды.
 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif