Алматы аумағында 27 бекет орнатылады

Жарияланды
Шешім 1 сағат бұрын қабылданды

«Қаланың шекарасын күзетуге 27 бекет орнатылады»,- деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Хабар 24 телеарнасының тікелей эфирінде тұрғындарға жариялаған үндеуінде. 

«Тез тарап жатқан вирус бізді жылдам шешім шығаруға мәжбүр етуде. Сондықтан мен төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға қалада карантин енгізу туралы ұсыныс енгіздім. Бұл шешім 1 сағат бұрын қабылданды. Қалада карантин 19 наурызда түнгі сағат 00:00-де енгізіледі. Алматыдағы карантиннің басты мақсаты – инфекцияның тез таралуын тоқтату. Азаматтар мен автокөлік құралдарын Алматыға кіріп, шығуын шектеу үшін Алматыға кіре берістерінде 27 бекет орнатылады. Блок бекеттерінде полиция патрульдік полкінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады», – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Сонымен қатар, қала әкімі қалада тротуарларды жуу және дезинфекциялау арқылы жұқтыру орындарын бұғаттауды қолға алмақ. 

Тұрғын үйлерде санитарлық эпидемиологиялық дезинфекциялауды күшейту және іргелес аумақтарды санитарлық тазалау жүзеге асады. 

Айта кетейік, карантин режимі 19 наурызда түнгі сағат 00:00-де іске асырылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз