26 қазақстандық Тәжікстаннан оралды

Жарияланды
Олардың ішінде індет жұқтырғандар жоқ

Еліміздің 26 азаматы Тәжікстаннан оралды. Сонымен қатар, Шымкент қаласынан С-295 әскери-көлік ұшағымен Тәжікстанға сол елдің 20 азаматы шығарылды, деп хабарлады ҚР ҚМ Алматы гарнизондық баспасөз қызметі.

Қауіпсіздік мақсатында, оларды әскери дәрігерлердің медициналық тобы алып жүрді. Елімізге келген қазақстандықтардың арасында коронавирусты жұқтырғандар жоқ. Барлық жолаушылар өздерін жақсы сезінеді. Олар медициналық тексеруден өтіп, инфекциялық бақылау талаптарын сақтай отырып, карантинге орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ӘӘК әскери-көлік авиациясының күшімен Сауд Арабиясынан 33, Кувейт мемлекетінен 2, Қырғызстаннан 21 қазақстандық эвакуацияланған болатын.

Елімізге оралған қазақстандықтар Қазақстан Үкіметі мен Қорғаныс министрлігіне алғыстарын білдірді.
 

Сондай-ақ оқыңыз