19-20 наурызға қараған түні Алматы қаласынан 100 мыңнан астам адам шығып кеткен

Жарияланды
22 наурыз күні сағат 00: 00-ге дейін қаладан шығуға болады

Алматы карантинге жабылғаннан соң одан 15 мың көлік шығып кетті. Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов хабарлады.

«19 наурызда тәулік ішінде 27 блок бекет арқылы 4 383 көлік, 45 956 адам кірсе, 3 884 көлік, 47 325 адам шыққан. 20 наурызда 17 810 көлік, 49 018 адам кірсе, 10 772 көлік, 54 700 адам шығып кеткен. Блок бекеттердегі ахуал тұрақты», – деді ол. 

Осылайша, карантиннен Алматыдан 102 025 адам шығып кеткен. Ал 94 974-і қалаған кірген.

 

Оның айтуынша 22 наурыз күні сағат 00: 00-ге дейін қалаға кіруге немесе одан шығуға мүмкіндік бар екен.

Сондай-ақ оқыңыз