Қазақстанда заңсыз байығаны үшін жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған бірнеше заңнамалық бастама дайындауда

Фото: Shutterstock.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеуніктердің табысы мен шығындары арасында елеулі ауытқушылықтар болған жағдайда мансаптық және қаржылық санкциялар қолдануды ұсынып отыр. 

Осымен бір мезетте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі барлық мемлекеттік қызметкерлердің және құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің  декларацияларын жариялауды орынды деп санайды. 

«Сонымен қатар, құқық қорғау және бақылау-қадағалау органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеру мақсатында Integrity Check институтын енгізуді ұсынамыз. Бұл шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа бейімділігін анықтауға бағытталған алдын алу шараларының құралы. Оны Агенттік және құқық қорғау органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері ерекше өндіріс аясында (ол құпия әдістермен жүзеге асырылады) қатаң түрде соттың санкциясымен қолданады», – деді ведомствоның алқа мәжілісінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, адалдық жөніндегі тексеруден өте алмағандар қылмыстық қудалаусыз қызметтен босатылуға жатады. Атап айтарлығы, осы мәселеде ол шетелдік тәжірибеге сүйенгенін алға тартты: мұндай практика Еуропа елдері мен АҚШ-та орын алған екен. 

Сонымен қатар, азаматтарды ынталандыру ісіне сараланған тұрғыдан қарау қажет. Мәселен, егер пара немесе залал сомасы 2,5 млн теңге болса, 10%, көлеміндегі сыйақы белгілеу ұсынылып отыр, бірақ ол шекті (мысалы, 10 млн теңге) деңгейден жоғары болмау керек. 

«Аталмыш құқық нормалары қалыптастырылған және заңнамалық талқылауға дайын», – деп түйіндеді Шпекбаев.

Естеріңізге салсақ, ел президенті Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік саладағы ұйымдар басшыларының қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жеке жауапкершілігін енгізетін заң жобасына қол қойды...
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif