Парето заңы дегеніміз не?

Жарияланды (жаңартылды )
20/80 қағидасы қалай жұмыс істейді

Парето қағидасының мәні аздаған шығындармен көптеген нәтижелерге жету. Ол мына заңдылықты дәлелдейді: 20% еңбек 80% нәтиже береді және керісінше. Бұл туралы Fingramota.kz сайты хабарлады.

Бұл қағиданы өз шығындарыңызға қатысты қолдануға да болады. Мысалы, бүтіндей бір торт сатып алғанша, оның бір бөлшегін ғана немесе тәтті нан сатып алуға болады, ол сізге дәл сондай ләззат сыйлайды, бірақ ақшаңыздың 20% үнемделеді.

Міндетті түрде қажет емес сауда туралы да осыны айтуға болады. 80% жағдайда оларды жасамауға немесе анағұрлым арзан баламаларына ауыстыруға болады. Сонымен қатар, келесі жаттығуды жасауға болады. Міндетті шығындарға ақша қалдырып қойып, жақын уақытта сатып алуды жоспарлаған нәрселер тізімін жазып қойыңыз. Енді осы тізімнен тек қана 20% ең маңызды заттарды немесе азық-түлікті таңдап алыңыз. 80% пайда мен ләззатты сыйлайтын дәл солар болып табылады. Қалғанын қалай ауыстыруға немесе мүлдем сатып алмауға болатыны туралы ойланыңыз. Осылайша сіз өз шығындарыңыздың арасындағы теңгерімді сақтап қана қоймай, шынайы қажет нәрсені ғана сатып аласыз.

 

Сондай-ақ оқыңыз