ХВҚ Қазақстанға 1,57 млрд доллар бөлді

Жарияланды
Халықаралық валюта қоры қарыз алуға арнайы құқықтар бөледі

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушылар кеңесі 650 миллиард долларға арнайы қарыз алу құқығын бөлді.Қазақстанға 1,57 млрд АҚШ долларын құрайтын сомада 1,11 млрд СДР меншіктелді . Бұл туралы  ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Он бірінші рет іске асырылып отырған үлестіру қағидасы ХВҚ тарихындағы ең ауқымдысы болып табылады және сарапшылардың бағалауынша, әлемдік экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығын күшейтуге жағымды ықпал етеді.

ХВҚ-ның СДР-ды қайта үлестіру туралы шешімінің мақсаты – ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттердің ұзақ мерзімдік қажеттіліктерін қаржыландыру үшін ғаламдық экономикаға қосымша өтімділік ұсыну. Мұндай қаражаттың бөлінуі әлемдік экономиканың пандемиядан кейінгі қалпына келу үдерістерін ынталандыратын болады.

СДР-дың қосымша шығарылымы ХВҚ-ға қатысушы мемлекеттер арасында олардың квоталарының көлеміне қарай үлестірілді. ХВҚ-ға мүше мемлекеттер үлестрілген СДР-ды қандай мақсатта пайдаланатынын өз бетінше шешуге құқылы. СДР валюталық резервтердің бөлігі болып табылатындықтан, сақталынуы немесе өзге мүше мемлекеттердің еркін конвертацияланатын валютасын алу мақсатында айырбасталуы мүмкін. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық операциялар бойынша жағдайы едәуір жақсы мүше мемлекеттер, экономиканың дағдарыстан кейін қалпына келуіне көмектесу мақсатында, үлестірілген СДР-ды жағдайы әлсіздеу мемлекеттерге ерікті түрде беруіне болады.

[1] СДР (ағылш. Special Drawing Rights) ХВҚ қалыптастырған мемлекеттердің халықаралық резервтерін толықтыратын, халықаралық резервтік актив. СДР құнын ХВҚ күн сайын СДР жинағына кіретін 5 валюта негізінде орнатады (АҚШ доллары, жапондық иена, евро, фунт стерлинг және қытай юані).
 

Сондай-ақ оқыңыз