Балаға қаржылық сауаттылықты қалай үйрету керек

Жарияланды
Ата-аналарға арналаған бірнеше маңызды ескертулер

Қазіргі заманның ата-аналары өз балаларын қаржылық сауаттылыққа үйрету жолдары жөнінде жиі ойланады. Олардың көпшілігі оны неғұрлым ерте бастау қажет екендігін түсінеді.  Қаржылық жоспарлау, өзінің кірістері мен шығыстарын талдай алу дағдылары, қаржы операцияларын онлайн жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау – осының барлығы жас қазақстандықтардың ересек өмірінде қажет болатын дағдылар. Бұл туралы Fingramota.kz сайты хабарлады.

Алдымен балаңызға отбасыңыздағы ақша қайдан келетінін айтыңыз. Оған жалақы деген не екенін түсіндіріңіз. Егер бала Сіздің жұмысыңызға қызығушылық танытса, оны экскурсияға апарыңыз және қайда жұмыс істейтіндігіңізді көрсетіңіз. Өсіп қалған балаларыңызға оқумен қатар жұмыс істеп, табыс табуға да мүмкіндік беріңіз. Осылайша сіз оларды ақша мәселелерінде өз бетінше шешім қабылдауға үйретесіз.

Қалтапұлды басқаруды үйретіңіз

Балаға ұсақ шығындары үшін белгілі бір мөлшерде ақша беріңіз, оларды қалтапұл деп атайды. Оларды жай ғана көңілді көтеруге емес, балаңызды қаржылық сауаттылыққа үйрететін құралға айналдырыңыз. Басында ол қателіктер мен ойланбастан шығындар жасайды, бірақ сіз одан дұрыс қорытынды жасап, сабақ алуға, ақша жинауды үйренуге және ақшаны ұтымды пайдалануға көмектесуіңіз керек.

Ақшаның бір бөлігін жинау керек

Қаражаттың бір бөлігін жинайтыныңызды жеке мысалмен көрсетіңіз, мысалы, сіз ірі техника сатып алуға немесе баланың университетте оқуына арнап жинайсыз. Сонымен қатар, балаңызға қаржылық қауіпсіздік көпшігі дегеніміз не, яғни форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде қажет ақшаның қол сұғылмайтын қоры туралы айтып беріңіз.

 Инвестиция деген не екенін түсінуге көмектесіңіз

Ақшаны көбейту жолдарын көрсетіңіз. Баладан бір айға оның қалтапұлынан 1000 теңге қарызға алыңыз, содан кейін оған 10%-ға артық соманы беріңіз. Осылайша сіз қарапайым мысалмен депозиттің қалай жұмыс істейтінін көрсетесіз. Жасөспірімдерге арнап карта, сондай-ақ салым ашыңыз және оны банктік мобильді қосымшаның көмегімен толтыруды үйретіңіз.

Кредиттік жауапкершілік туралы айтып беріңіз

Кредит – бұл да қаржы құралы, ол қандай да бір мәселелерді шешуге көмектесе алады, сондай-ақ, кез келген адамды қарыз құрсауына да түсіре алады. Балаңызға кредиттің не екенін, оны неге уақытында төлеу керектігін және, ойланбаған шығындарға, мәселен, кезекті смартфон немесе ойын қондырғысы үшін алудың қажет емес екенін түсіндіруді ұмытпаңыз.

Қаржылық алаяқтық туралы ескертіңіз

Жаңа технологиялардың дамуы қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлерінің дамуына әкелді. Зиянкестердің жаңа мақсаты – балалар мен олардың ақшасы. Неге десеңіз, көптеген ата -аналар баласының тауар үшін төлемді қолма-қол ақшасыз жүргізуі үшін балалар карталарын ашады. Ал балалар бос уақыттарын бас жағдайда Желіде өткізеді, онда кибералаяқтардың тұзақтарына түсіп қалу қауіпі жеткілікті. Балаңызға күмәнді сілтемелер бойынша өтуге болмайтынын, өзі туралы жеке деректерді еш жерде жариялауға және ешкімге жіберуге болмайтынын және төлем картасының деректемелерін, әсіресе картаның артқы жағындағы үш таңбалы кодты хабарлауға болмайтынын, сондай-ақ телефонға қоңырау шалған бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін айтыңыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз