Банктер тамыз айында депозит бойынша қандай сыйақы ұсына алады?

Жарияланды
ҚДКБҚ ең жоғары мөлшерлемені жариялады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгеде сақталған депозиттер бойынша тамыз айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер өзгермеген. Өйткені Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі маусым айында 9,0 пайыз деңгейінде сақталды. 

Айта кетейік, мұндай депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелердің көлемі базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.

12 және 24 айға арналған мерзімді салымдар және 24 айға арналған жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығы осы сегментіндегі белсенділіктің төмендігі себеп болды.

12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелер төмендегендіктен, осы депозиттерге тиесілі шекті мөлшерлеме 13,9 пайызға дейін азайды. Алайда аталмыш депозиттер бойынша мөлшерлемелер депозиттердің басқа түрлері арасында әлі де ең жоғары деңгейде болып қала бермек. 
 

Сондай-ақ оқыңыз