Пассив кіріс дегеніміз не?

Жарияланды
Оны қалай қалыптастыруға болады

Пассив кіріс дегеніміз не және оны қалау алуға болады туралы. Бұл туралы Fingramota.kz сайты мәлімдеді.

Актив кіріс – бұл белгілі бір қызмет нәтижесінде алынған тұрақты кіріс. Мысалы, жалақы немесе сіздің бизнесіңізден түске пайда. Пассив кіріс – бұл сіздің күнделікті жұмысыңызға қарамастан үнемі түсетін ақша. Пассив кірісті күтпеген жағдайлар немесе негізгі кірісті жоғалту жағдайында қауіпсіздік жастықшасы деп санауға болады.

Неліктен пассив кіріс маңызды? 

Пассив кіріс «бір рет жасалды – сіз әрқашан аласыз» қағидаты бойынша әртүрлі құралдардан қалыптасады. Ол кейбір қауіпсіздік жастықшасын жасау үшін ғана емес, сонымен қатар автокөлік сатып алу немесе шетелде демалу сияқты өз қалауыңызды жүзеге асыру үшін ақша табудың тәсілі болып табылады.

 Пассив кірісті жоспарлауға байыпты қарау керек. Алдымен оны қалыптастыру үшін қанша қаражат қажет екенін және сізде осындай сома бар-жоғын анықтау керек. Егер жоқ болса, оны негізгі кірістен жинау керек. Қанша уақыт және қандай жиілікпен – бұл нәтижесінде сіздің қандай пассив кіріс алғыңыз келетініне байланысты.
айқындап алып, ең қолайлы құралдарды таңдауға болады.

Пассив кірістің негізгі нұсқалары 

Банк салымы.Банктегі салым — пассив кіріс алудың классикалық тәсілі. Бұл – ең қарапайым тәсіл. Сіз белгілі бір ақша сомасын банкте сақтайсыз, банк ол үшін сізге пайыз төлейді. Сіз кепілдікпен және тұрақты түрде кіріс алып отырасыз. Бірақ мұндай пассив кіріс сіздің барлық қажетіңізді жабуы үшін алдымен үлкен мөлшерде инвестиция салу керек.

 Бағалы қағаздарға инвестициялау. Пассив кірістің бір түрі – қор нарығына инвестициялау. Инвестициялаудың негізгі заңы: кіріс тәуекелмен мөлшерлес болады, кіріс өссе – тәуекел де өседі. Егер сіз тәуекелге баруға дайын болсаңыз, сізде бос қаражат болса және кепілдендірілген депозиттер ұсынғаннан гөрі көбірек пайда тапқыңыз келсе, қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздарға инвестиция салуды игеруіңіз керек.

Бастау үшін аз мөлшерде инвестиция салуға болады. Жаңадан бастаушыға ең оңай жолы – биржада ұсынылған бағалы қағаздарды сатып алу, сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары бағамен сату. Мұндай кіріс – кездейсоқ сәттілік емес, ойластырылған әрекеттердің нәтижесі. Инвестициядан шынымен-ақ пайда табу үшін сізге мол күш-жігер жұмсауға, оның қыр-сырын үйренуге және одан да көп ойлануға тура келеді.

Пассив кіріс тағы не әкелуі мүмкін?

Жылжымайтын мүлік. Пәтерді жалға беру, бірнеше пәтерді жалға беру одан да жақсы, пайда табу және жұмысқа бармау – бұл арман сияқты. Бірақ мұндай кіріс шығындармен әрі тәуекелдермен бірге жүреді. Барлық шығасыларды ескеру қажет: жалдау ақысы, салықтар, жөндеу және т. б. жағымсыз салдарларды болдырмас үшін және заңды бұзбау үшін міндетті түрде жалдау шартын жасаңыз. Күтпеген оқиғалар туындаған жағдайға пәтерді сақтандыруды ресімдеген дұрыс. Сонымен қатар, жалға алушылар ақысын уақтылы төлемеуі немесе мүлікті бүлдіруі мүмкін деген қауіп бар.

Зияткерлік меншігі. Хоббиіңізді жаңа кіріс көзіне айналдырыңыз. Мысалы, сіз суретке түсіруді ұнатасыз. Суреттерді сату үшін кәсіби фотограф болу міндетті емес. Сіз фото ағындардың біріне тіркеліп, фотосуреттерді орналастыра аласыз және жүктелген әр сурет үшін белгілі бір ақы ала аласыз.

 

Сондай-ақ оқыңыз