Tabys қосымшасын жүктеп қалай табыс табуға болады?

Жарияланды
Инвестициялық мүмкіндіктер кеңейіп жатыр

Соңғы кездері инвестициялау тетіктері мейлінше ыңғайлы ұсыныла бастады. Қарапайым азаматтар да аз-маз қаражатпен-ақ әлемге әйгілі компаниялардың акциясы мен ноталарын сатып ала алады. Сөйтіп, бір-ақ күнде инвестор атанып шыға келесіз. Осы орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы қазақстандықтарға арнап Tabys қосымшасын ұсынып отыр. 

Қосымшаның басты артықшылықтары қандай?

•    Түсінікті интерфейс жеңіл әрі оңай жолмен инвестициялауға мүмкіндік береді;
•    Бастапқы жарнасыз; 
•    Делдалсыз; 
•    Инвестиция сомасы $10 басталады; 
•    IOS және Android-та жүктеу мүмкіндігі бар; 
•    Кез келген орында және кез келген уақыттағы сауда. 

Мобилді қосымша басты өнім ретінде акцияларды емес, ноталарды ұсынады. Бұл қосымша арқылы инвестор атану тым қарапайым. Алдымен жеке деректеріңізді толтырып, жеке куәліктегі деректеріңізді қосып, смартфонның экранында қол қоясыз. Одан соң банк картасын бекітесіз. 

Инвестициялауды бастамас бұрын қайда және қанша сомада инвестициялайтыныңызды таңдап алыңыз. 

Биржалық ноталар бойынша табыстылық екі тәсілге негізделген:

  •  БАҒАНЫҢ ӨСІМІНЕН ТҮСЕТІН ТАБЫС

Биржалық ноталардың бағасы инвестордың капиталын арттыра отырып, өсуі мүмкін. 

  • ПАЙЫЗДЫҚ ТАБЫС

Кейбір биржалық ноталар тұрақты түрде пайызын төлеп отырады. Ол пайыздың мөлшері базалық актив бойынша табысқа байланысты болады.

Биржалық ноталарды таңдаудағы негізгі пункт – базалық актив. Мәселен, алтынға салым салатын биржалық ноталар бар. Тиісінше егер алтынның бағасы өссе, биржалық нотаның да құны өседі.

Сіз өзіңізге ең ыңғайлы уақытта биржалық ноталарды қосымша арқылы сата аласыз. Олар сатылғаннан кейін, ақша сіздің банктік картаңызға дәл сол күні түседі.

Ең жиі қойылатын сұрақтар:

Кім инвестор бола алады?

Егер сіздің жасыңыз 16-дан асса және ҚР азаматтығымен қатар банктік картаңыз болса, онда сіз инвестор бола аласыз.

Қандай біліміңіз болуы керек?

Tabys  көмегімен биржалық ноталарды сатып алу үшін арнайы қаржылық біліміңіздің болуы міндетті емес. Қосымшаның түсінікті интерфейсі мен қаржылық құралдардың қарапайым құрылымы сізге инвестициялауды оңай бастауға мүмкіндік береді.

Бұл қосымшада абоненнтік төлем бар ма? Қанша мөлшерде комиссия төлеймін?

2021 жылғы 30 маусымға дейін қосымша тегін. Осы мерзімнен кейін әрбір сатып алу немесе сату үшін жасалған келісім сомасының 0,5%-ы мөлшерінде, кемінде 100 теңгеден комиссия алынады. Сіздің банкіңіз аударым үшін өз комиссияларын алуы мүмкін. Мәселен, 2021 жылғы 30 маусымнан кейін 100 долларлық биржалық ноталарды сату немесе сатып алу кезінде сіз 50 цент (немесе шамамен 210 теңге) мөлшерінде, оған қоса сіздің банкіңіздің комиссиясын төлейсіз.

Неден бастау керек?

Тіркеуден өтіп, банк картасын бекіту керек. Сол уақыттан бастап сіз өз жинағыңызды инвестициялай аласыз

Қосымша қалай жұмыс істейді?

Өнім әркімге де түсінікті қарапайым құрылымға ие. Сізге тек қайда инвестиция салатыныңызды таңдап алу керек – мәселен, мұнайға немесе дамушы нарықтардың компанияларының облигацияларына. Осыдан кейін бірнеше қарапайым қадаммен биржалық нотаны сатып аласыз. Ақша сіздің банктік картаңыздан алынып, биржалық ноталар шотыңызға енгізіледі. Сіз қосымшадағы «Менің портфелім» бөлімінде өз инвестицияңыздың құнын бақылай аласыз.

Инвестициялауды бастау үшін қанша ақша керек?

Сіз бір биржалық нота сатып алып, минималды сомадан бастай аласыз. Бір биржалық нотаның құны $ 10-дан 35 дейін. Қанша және қашан салым салатыныңызды өзіңіз шешесіз. Биржалық нотаға соңғы немесе қарызға алған ақшаңызды салудың қажеті жоқ. 

Мен инвестор ретінде қалай қорғаламын?

Биржалық нотаны сатып ала отырып, сіз инвесторға айналасыз, сіздің құқықтарыңыз «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалады. 

Жеке деректерім қалай қорғалады?

Сіздің жеке деректеріңіз Қазақстан Республикасы мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңнамасына сәйкес қорғалады. Заңнамаға сәйкес немесе операция жүргізу үшін қажет болатын жағдайларды (мәселен, сіздің картаңызға ақша немесе шотыңызға биржалық ноталарды енгізгенде) есептемегенде, сіздің жеке деректеріңізді ешкімге бермейді.

Сондай-ақ оқыңыз