Салық төлеуге аса ыңғайлы мобилді қосымша іске қосылды

Жарияланды
2021 жылы бірнеше салықтық өзгерістер болады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев бірқатар бастамалар бойынша тың жаңалықтарды жария етті. Солардың ең негізгілерін топтап, оқырман назарына ұсынамыз.

БЮДЖЕТ

  • 2020 жылы республикалық бюджет 608 млрд теңгеге төмендеді, жергілікті бюджет 604 млрд теңгеге өсті. Республикалық деңгейдегі түсімдердің төмендеуі экономикада қалыптасқан жағдайға, сондай-ақ пандемияға қатысты шектеулерге байланысты болды. 
  •  Алдын ала деректер бойынша ЖІӨ 2,6 пайыз, тауар айналымы 14 пайызға төмендеді. Өткізу бойынша айналым 9,7 пайыз, оның ішінде ірі кәсіпорындар бойынша 25 пайызға азайды.

ЭКОНОМИКА

  • Комитеттің басым мақсаты – көлеңкелі экономика деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-ге шаққанда 15-17 пайызға төмендету. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде қабылданған шаралар оны ЖІӨ-ге шаққанда 27 пайыздан 23,6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
  • «Біз көлеңкелі айналымдармен күресте басты құралға айналған тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін құрдық. Салық декларацияларының 99%-і және кедендік декларациялардың 100%-і қашықтан ұсынылады. Импорт/экспортты ресімдеу бойынша қызметтерді алу уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқарды». 
  •     2020 жылы 2,9 мың кедендік тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 30,6 млрд. теңге мөлшерінде КТжС қосымша есептелді және 11,3 млрд. теңге өндіріп алынды. Бұл көрсеткіштер өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір артық.
  • «Жалпы, біз тексерулерге нақты шыға бастадық, оны айтылған статистикадан байқауға болады. Қашықтан бақылау тиімділігі 18 пайызға артты, қосымша 325 млрд теңге қамтамасыз етілді. Қашықтан бақылаудың жаңа әдістері әзірленді. Тәуекелді компанияларды ерте кезеңде анықтау және электронды шот фактура шығару қызметтерін шектеу бойынша пилот іске асырылуда». 
  • Пилоттық жоба қолға алынғалы 5 мың тәуекелді салық төлеуші үшін ЭШФ жазып беру шектеліп, олар бойынша айналым 2 трлн. теңгені құраған. Жоба іске қосылған сәттен бастап барлығы 60 млрд. теңге өндірілді. 2016 жылдан бастап алғаш рет Қазақстан аумағында ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру 38 пайызға төмендеді. Алайда, 2020 жылдың 11 айында елден тыс жерлерге жасалатын аударымдар күрт өсті – 19 пайызға. 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

  • Қазіргі кезде жеке және заңды тұлғаларға 44 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 38-і – электрондық түрде. Бұл локдаун кезеңінде аса маңызды және өзекті болды.
  • 2020 жылы 22,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 97 пайызы электронды түрде ұсынылған. 
  • «2020 жылы салық төлеушілердің 670 мыңнан астам өтініші өңделді. Пайдаланушылардың 91 пайызы операторларымыздың жұмысын «өте жақсы» деп бағалады. Күніне 2 мыңға жуық қоңырау қабылдаймыз. Көбінесе адамдар жергілікті салықтарды төлеу, салық берешегінің сомалары және басқа да мәселелер бойынша өтініш береді». 
  • Өсімақыны есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық аяқталғанын еске салды. Оны 1,1 млн азамат пайдаланды. Олар 15 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарызды төледі. Есептен шығарылған өсімақы 2,1 млрд теңгені құрады.

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА

  • Көлеңкелі экономикаға қарсы күреске азаматтық қоғамды тарту мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті бірқатар пилоттық жобаны жүзеге асыруда. 
  • «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» жобасы азаматтық қоғамды кірістерді жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділік танытуға тартуға бағытталған. Жоба жұмыс істеген уақыт ішінде Wipon мобильді қосымшасы арқылы чектердің берілмегені туралы 16,5 мың хабарлама келіп түсті, оның 5,5 мыңы расталды. Осы заң бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға 4,5 млн теңге төленді.
  •  Дәрілік заттар бойынша электрондық шот-фактураларды жазып беру жөніндегі» тағы бір пилоттық жоба 2020 жылы кез келген нысандағы дәрілерді бақылау мақсатында іске қосылды. Оған 5,5 мың қатысушы жұмылдырылды. 
  •  «ЕАЭО шеңберінде тауарлар айналымын толассыз бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың басынан бастап «Виртуалды қойма» модулінде ресімделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі жоба қолға алынды. 
  • Тауарларды толыққанды режимде қадағалаудың ұлттық жүйесін іске асыру жоспарлануда. Интеграцияланған деректер базасы АЖ және салықтық әкімшілендіру жүйесі жаңғыртылатын болады. Бұл мемлекеттік органдардан бірыңғай деректер базасында өзекті мәліметтер алуды, автоматтандыруға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 

САЛЫҚ

  1. Биылдан бастап жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтар біріктірілді: екі салық та бірыңғай төлеммен төленетін болады. Бұл ретте көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды.
  2.  Жеке меншікке салық төлеудің қолайлылығы үшін «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы әзірленді. Қосымша деректемелерді толтырмай салық төлеуге, 2 минут ішінде онлайн толықтыру мен автотасымалдарды жүргізуге, артық төлемді басқаруға және т.б. мүмкіндік береді. 130 мыңнан астам қазақстандық салық әмиянын пайдаланады.
  3. Егер сіз мүлік салығын дәл қазір тексергіңіз келсе, AppStore немесе PlayMarket іздеу жолағына «E-Salyq Azamat» қосымшасының атауын енгізіп, оны ұялы телефонға жүктеп алуыңыз керек. Жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq-business» қосымшасы әзірленуде, ол ЖК тіркеу мен жабуды оңайлатуды, салық есептілігін ұсынуды, комиссияны алып тастауды және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеуді көздейді. 
  4. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ішкі тауарларға қосымша кұн салығы 11 пайызға төмендеді. Корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 3,5 пайызға өсті. 
  5. Кедендік төлемдер бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бөлінген баждар 5,8 пайыз, мұнай және мұнай өнімдеріне экспорттық баждар 51 пайыз және үшінші елдерден қосымша құн салығы 3,7 пайызға төмендеді. Ал, экономика секторлары бойынша, мұнай және металдар бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43 пайызға азайды. 
Сондай-ақ оқыңыз