1 view

Қазақстандықтар ақшасын қай валютада жинайды?

Жеке тұлғалардың депозиттерінде 10 трлн теңгеден астам қаржы жатыр

Фото: pixabay.com

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,3%-ға артып, 2020 жылғы қыркүйектің соңында 21 371,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 11 141,0 млрд теңгеге дейін –  4,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 10 230,2 млрд теңгеге дейін жетіп, 2,1%-ға өскен.

Ұлттық банк дерегі бойынша, төл валютадағы депозиттер көлемі бір айда 12 631,1 млрд теңгеге жетіп, 2,2%-ға көбейсе, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 8 740,1 млрд теңгені құрап,  5,1%-ға артқан. Долларлану деңгейі 2020 жылғы қыркүйектің соңында 40,9% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды. 

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы қыркүйекте 
6 624,1 млрд теңгеге дейін, 3,5%-ға артса, шетел валютасындағы депозиттері 
4 516,9 млрд теңгеге жетіп, (заңды тұлғалар депозиттерінің 40,5%-ы) 6,1%- қосқан.
Жеке тұлғалардың теңгемен ашылған депозиттері 6 007,0 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға, шетел валютасындағы депозиттері 4 223,2 млрд теңгеге дейін (жеке тұлғалар депозиттерінің 41,3%-ы) 4,0%-ға өсіпті. 

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 3,1%-ға артып 14 540,7 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 739,6 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар – 5 801,1 млрд теңгені құрады.  

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif