1 view

Елімізде микрокредит беру тәртібі өзгерді

Аталмыш құжатта берешекті сотқа дейін өндіру тәртібі бекітілген

Фото: Офелия Жакаева

Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еліміздегі микроқаржы ұйымдарының жұмыс тәртібіне бірқатар өзгерту мен толықтыру енгізді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Толықтырулар микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібін, оның ішінде микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекітуге қойылатын жаңа талаптарды қамтиды. 

Ең басты жаңалық – МҚҰ мен борышкер арасындағы берешекті сотқа дейін реттеу тәртібінің бекітілгені. 

Ендігі жерде микроқаржы ұйымы қарыз алушы-жеке тұлғаны міндеттемелерді орындау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 15  күннен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.  Бұл ретте қарыз алушы  төлем мерзімі кешіктірілген уақыттан  бастап, күнтізбелік отыз күн ішінде, берешекті  өтеу мәселесін реттеу жөнінде өтініш бере алады.

МҚҰ 15 күн ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды және жазбаша   түрде қабылданған шешім туралы хабарлайды. Қарыз алушыдан өтініш болмаған немесе борышкермен келісімге келмеген жағдайда, МҚҰ нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде берешекті өндіріп алуға құқылы.

«Микрокредиттер бойынша берешекті сотқа дейін реттеудің міндетті рәсімінің болмауы МҚҰ-ның төлеу мерзімін кешіктіру туындағаннан кейін бірден берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шаралар қабылдап, қарыз алушыларға мәселені реттеудің нұсқаларын ұсыну мүмкіндігін бермейді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеледі. Микрокредиттер бойынша жеке тұлғалардың берешегін сотқа дейін реттеу рәсімін белгілеу әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және проблемалық міндеттемелердің ұлғаю тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Агенттіктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Бұдан бөлек,  құжат микрокредит беру туралы шартты ресімдеуді және оның мазмұнын оңтайландыруды көздейді. Атап айтқанда, нарық өкілдері микрокредитті өтеу кестесіне қосымша мәліметтер қосу мүмкіндігі туралы ұсыныстар енгізді. Мысалы, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде қарыз алушының міндеттемесі болғандықтан төлеу мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер өтеу кестесінде көрсетілуге тиіс.

Жаңа қағидаларға сәйкес шарттың жасалған күні, микрокредит сомасы, пайыздық мөлшерлеме, шарт талаптарын орындау мерзімдері және басқа да міндетті шарттар туралы ақпаратты шарттың титулдық парағына жазу талап етіледі.

Кредиттік желіні ашу туралы келісім жасалған кезде қайталанған микрокредит шарттарын  акцессорлық шартта көрсету талап етілмейді

Тағы бір толықтыру үлгілік шарттар негізінде микрокредит шартын жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Осылайша, МҚҰ енді қосылу шарты талаптары бойынша қызмет көрсететін болады.

Өзгертулер өз күшіне бір айдан соң, 26 қарашадан өз күшіне енеді. 
 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif