1 view

Несие төлеуді кешіктіру: кредит «тұзағына» түсіп қалмаудың жолы қандай?

Мамандардан бірнеше кеңес

Егер несие төлем кестесі түрлі себеппен бұзылса, не істеу керек? Осы орайда Fingramota.kz бірнеше пайдалы кеңес береді.

Рисунок1_0.png

Не істеуге болмайды?

Кредитормен «тығылмақ» ойнауға болмайды. Егер кезекті төлемнің мерзімі өтіп кетсе немесе төлем мерзімі түрлі себеппен кейінге қалса, онда үрейге беріліп, банктен жасырып қалуға, сондай-ақ тқлем мерзімінің өтіп кеткенін ескермеуге болмайды. Осы жағдайда борышты өтеу мерзімі өтеп кеткен соң банк өсімпұл, айыппұл есептеуді бастайды, сондай-ақ борышкерге қарсы сот процесін іске қосады. Банктен жасырынып қалу әрекеті, ашығын айтсақ,  борышкерге қымбатқа түседі.

Бірінші кезекте не істеу керек?

Банкке өтініш жазу керек. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес, міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап 30 күн ішінде қарыз алушы – жеке тұлға банкке жазбаша өтініш ұсынуға құқылы. Ол өтініште шарттың талаптарын өзгерту туралы ұсыныс енгізеді, сондай-ақ оның өтінішін негіздейтін мерзім өтуінің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар туралы мәліметтер қамтылған ақпарат ұсынады.

Ұсыныстар: 
•    сыйақы мөлшерлемесін азайтуға;
•    қарыз валютасын өзгертуге;
•    негізгі борыш, сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;
•    берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін өзгертуге;
•    шарттың қолданылу мерзімін өзгертуге;
•    мерзімі өткен негізгі борышты, сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының күшін жоюға байланысты болуы мүмкін.

Банк не деп жауап беруі мүмкін? 

Банк өтінішті алған күннен кейін 15 күн ішінде ұсынысты қарайды және қарыз алушыға:
•    ұсыныстармен келісетіні;
•    талаптарды өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары;
•    талаптарды өзгертуден бас тарту және осындай бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Банкке өтініш жасау не береді?

Мұндай жағдайдан оң нәтиже шығаруға қарыз алушы ғана емес, банк те мүдделі болатыны құпия емес. Сондықтан реттеу шаралары неғұрлым ерте қабылданса, соғұрлым екі тарапқа да қолайлы нұсқаны тезірек табуға болады. Банкке уақтылы жүгіну қарыз алушының  несие тарихын таза сақтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, әрі қарай банктің іс-әрекеттіне сотта дау айтылған жағдайда да борышкердің осы іс-әрекеті оның пайдасына есептелуі мүмкін.

Банк әр жағдайды жеке қарастырады. Қарыз алушыдан оның қаржылық жағдайы мен төлем қабілетін сипаттайтын қосымша құжаттарды дайындауды сұратуы мүмкін. Бұл: еңбек шарты, жұмыссыз мәртебесін растайтын және басқа да  құжаттар. Осылайша, нақты жағдай бойынша шешім қабылдау оңайырақ болады. 

Банк қарыз алушыны кредитті қайта құрылымдаудың ықтимал нұсқалары туралы хабардар етеді және барлық сәттер келісілгеннен кейін кредиттік шартқа қол қойылған кезден бастап күшіне енетін түзетулерді дайындайды. 

Егер қарыз алушы банкпен байланыс жасамаса, онда шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алған кезде (мерзімін өткізіп алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей) банк борышкерге кредитті өтеу үшін төлем жасау қажеттігі туралы хабарлайды. Хабарламада: мерзімі өткен берешектің мөлшері және қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамау салдары туралы ескерту көрсетіледі. 

Егер банк ескерту жасағаннан кейін борышкер қарыз бойынша ай сайынғы төлемдерді елемейтін болса, онда банк коллекторлық агенттікті тартуға құқылы. 

Коллекторлық агенттіктің қызметі жеке тұлғалардың қарыздары бойынша берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге бағытталған.  Сондықтан, егер қарыз коллекторлық агенттікке берілсе, онда қарызды өтеу не оның талаптарын өзгерту мәселелері бойынша борышкер тікелей оған, сондай-ақ банкке жүгінуге құқылы.

Кредит төлемеудің салдары қандай? 

Біріншіден, кредит беруші банк міндеттемелердің орындалмағаны туралы ақпаратты кредиттік бюроларға жіберуге міндетті болады. Бұл ақпарат Сіздің кредиттік тарихыңызда көрсетіледі.

Екіншіден, егер кредит кепілдік кредит болса, онда борышкердің кепілдік мүлкі сот арқылы немесе сотқа дейінгі тәртіппен сатылуы мүмкін.Сондай-ақ, кредитор-банк төлем талабын бере алады (егер бұл шара шартта көзделген болса) және борышкердің қосымша келісімінсіз белгілі бір сома борышкердің банктік шотынан алынады. Мысалы, жалақыдан алынуы мүмкін. Бірақ бұл ретте, жеке тұлғаның ағымдағы шотындағы ақша сомасы, кемінде заңда белгіленген күнкөріс деңгейі мөлшерінде болуы керек.

Егер борышкер мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді немесе алимент алушы болса, онда өзін төлем талабын беруден және банктік шоттардан ақшаны даусыз тәртіппен алудан қорғау үшін оларды есепке жазу үшін арнайы шот ашу қажет. Жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді және алименттерді есептеу үшін тағайындалған шот бойынша даусыз тәртіппен өндіріп алуға заң жүзінде тыйым салынады. 

Үшіншіден, борышкер елден шыға алмайды. Ол сот орындаушысының қаулысы бойынша шетелге шығуға тыйым салынған азаматтар тізіміне енуі мүмкін. Борышкердің Қазақстаннан шығуына уақытша шектеу туралы бұл қаулы соттың санкция қолдануына жатады.   
Сот санкция қолданғаннан кейін борышкер қаулының көшірмесін алады. Сондай-ақ, оны шекара қызметі алады, ол борышкерді мәліметтер базасы қарыздың төленгенін растағанға дейін шетелге жібермейді.

Сондықтан мәселені сотқа жеткізбеу үшін әрқашан қарыздарды, айыппұлдарды, баждарды, алименттер мен коммуналдық төлемдерді уақытында төлеген дұрыс. Кредит бойынша міндеттемелердің орындалмауы тең қарыз алушыға, кепілгерге және гарантқа елеулі әсер етуі мүмкін, өйткені олар қарыз алушы сияқты банк алдында жауап береді.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook және Telegram

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер