Кәсіпкерлердің шағын қаржы ұйымдарынан алған несие көлемі өскен

Пандемия кезінде ШОБ-қа кім кредит беріп жатыр?

Фото:shutterstock

Қазіргі кезде елімізде 1,3 млн шағын және орта кәсіпкер жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың қатары 0,6 пайызға артқан. Былтыр орта және шағын бизнестің экономикадағы үлесі 30,8 пайызды құрап, өндірген өнім көлемі 31,2 трлн теңгеге жеткен, деп жазады finprom.kz.

ШОБ-ты дамыту – экономиканы әртараптандыру, жұмыспен қамту мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басым бағыттың бірі.

COVID-19 пандемиясының кең жайылуы орта және шағын бизнес өкілдерінің қызметіне кері әсерін тигізіп жатыр. Дәл осы қиын кезде шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі өте өзекті: экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты Үкіметтің алдында несиелендіруді қалпына келтіру және бизнестің несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Шағын және орта бизнеске негізгі қаржылық қолдауды екінші деңгейлі банктерден бөлек, микроқаржы ұйымдары да көрсетеді. Осы ретте банкке қарағанда микроқаржы ұйымдарынан несие алу жеңіл және жылдам екенін айта кеткен жөн. Бұл микроқаржы нарығының даму қарқынын айтарлықтай арттырады. Мәселен, 2020 жылдың наурыз айындағы дерек бойынша, МҚҰ несие қоржыны бір жылда 35,6%-ға артып, 316,1 млрд теңгеге жетсе, жыл басынан бергі өсім 7,8%-ды құраған. Соңғы бес жылда МҚҰ беретін микрокредит сомасы жылына орта есеппен 49,3%-ға өсіп келеді. 

Айта кету керек, 2020 жылдың бірінші тоқсанынде берілген шағын несиенің 56 пайыздан астамы кәсіпкерлік үшін алынған, ол өз кезегінде елдегі іскерлік белсенділіктің артуына біршама ықпал етті. 

Мәселене, маусым айында Қазақстан экономикасының іскерлік индексі 46,8-ге дейін көтерілген. Ал мамыр айында бұл көрсеткіш 44 болған. Елде төтенше жағдай жарияланып, халық карантинде отырған наурыз-сәуір айларында индекс төмен түсіп кеткен. 

Frame 68.png

finprom.kz

Қазақстанда 200-ден аса микро қаржы ұйымы жұмыс істейді. Соған қарамастан нарықтың 76,4 пайызы  ірі 5 микро қаржы ұйымының еншісінде. 

Елдегі ең ірі микроқаржы ұйымы — KMF: ол берген несие сомасы 132 млрд теңгені құрап, былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 7,5%-ға артқан. Биыл  маусым айында KMF ЕҚДБ-дан 40 млн доллар көлемінде қарыз алды. Бұл қаржыны шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өтімділік қаражатын қамтамасыз ету үшін береді. Несиелеудің артуы жергілікті кәсіпорындардың қызметін жалғастыруға және дағдарыс жағдайында жұмыс орындарын сақтауға көмектеседі.

Ал «Тойота Файнаншл Сервисез» микроқаржы ұйымы несиелеу көлемін бір жылда 74,9%-ға арттырып, 57,7 млрд теңгеге дейін жеткізген. Жыл басынан бері аталмыш МҚҰ-ның несие қоржыны 10,9%-ға өсті.

Шағын несие ұсынатын қаржы ұйымдарының үштігін Solva жапқан: 25,2 млрд тг. Бұл ұйымның бір жыл ішінде берген несие сомасы 3 есе өсіп,  ірі МҚҰ арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды. 

Жалпы, жоғарыда аталған микро қаржы ұйымдарының несие қоржыны жыл басынан бері 3,6 пайызға өскен. 

Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті қолдау үшін мемлекет тарапынан салық жеңілдігі қарастырылып, несие беру артып, бизнесті жүргізу шарттарын одан әрі жеңілдету бойынша шаралар қолға алынған. Мәселен, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, арнайы салық режимін қолданатын шағын және кіші бизнес субъектілері үш жылға табыс салығынан босатылды.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңа бағыт – шағын және кіші кәсіпкерлікке шағын кредит беру іске қосылады. Бұл санатқа кіретін кәсіпкерлерге субсидия есебінен 6 пайыздық несие берілмек. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Теңгенің әлсіреуіне не себеп?

Ұлттық банк бұл дамушы елдердің валюталарына ортақ құбылыс деп тұжырымдайды

Фото: kursiv.kz

Өткен аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің нарықтық бағамы 0,9%-ға (414,09-дан) құнсызданып, бір АҚШ доллары үшін 418 теңге деңгейінде қалыптасты. Ұлттық банктың жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша 24-31 шілде аралығына жасаған шолуында теңгемен қатар, реал, рупия, песо, лира және рубль бағамы қамтылған.

«Сыртқы валюта нарығында  бұл аптада бірқатар маңызды оқиғалар болды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде (0-0,25%) сақтап қалып, ФРЖ басшысы Орталық банк ынталандырушы саясатының ұзақ уақыт сақталатыны және экономиканы қалпына келтіру үшін реттеушінің басқаруындағы барлық құралдардың пайдаланатынын мәлімдеген. Апта ішінде әлсіз макроэкономикалық деректер мен Дональт Трамптың президенттік сайлауды кейінге қалдыру ұсынысына байланысты саяси тәуекелдердің өсуі аясында АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі байқалды. 2020 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткішті есептеу басталған кезден АҚШ (-32,9% ж/ж) және Еуроаймақ (-15% ж/ж) экономикаласының аса қатты құлдырағаны байқалды» делінген реси хабарламада. 

Осы орайда Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов дамушы елдер валюталарының құнсыздану ортақ тренд деп пайымдайды.

«Валюталардың әлсіреуі дамушы елдердердің валюта нарығына ортақ құбылыс екенін атап өткім келеді. Мысалы, Түркия, Оңтүстік Африка және Ресей валюталары  теңгеден де қатты әлсіреп, сәйкесінше 1,8%, 2,5% және 3,4%  құнсызданды. Теңге бағамына мұнай бағасынан бөлек, ішкі факторлар мен рубль динамикасы әсер етеді», – дейді Ұлттық банк өкілі.  

Айталық, Бразилия реалы АҚШ долларының макроэкономикалық көрсеткіштер нашарлауы салдарынан 0,2%-ға әлсіреуі нәтижесінде сәл-пәл  (5,23-тен 5,22-ге) нығайды. Коронавируспен күреске бағытталған шығынның өсуі себепті бюджет тапшылығы қатарынан үш айда рекордтық деңгейде тұр. 

Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 610-нан 14 600-ге) нығайды. Қаржыминінің болжамы бойынша бюджет тапшылығы алдыңғы болжамның шегінен  4,7%-ға шығып, 2020 жылы 5,2%-ға жетеді.

Мексика песосы апта ішінде 22,28 деңгейінде қалды. Сауда балансының профициті маусымда $5,55 млрд (талдаушылардың $1,55 млрд болады деп күткен) болды.  
Үнді рупиясы қаралып отырған кезеңде 74,83-тен 74,82-ге нығайып, валюта бағамы аса өзгерген жоқ. 

Түрік лирасы 1,8%-ға (6,85-тен 6,97-ге) әлсіреді.  Орталық банк жыл соңындағы инфляцияның қарқыны бойынша болжамды 8,9%-ға дейін 1,5 п.т. өсірді.   

Оңтүстік Африка ранды сауда балансы туралы деректер шығардың алдында борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 2,5%-ға (16,66-дан 17,07-ге дейін) әлсіреген. 

Ресей рублі дивидендтік кезең шеңберінде рубльдегі қаражаттың шетелдік валютаға айырбасталуы аясында 3,4%-ға (71,7-ден 74,13-ке) әлсіреді.  

курс валют 24-31 июля-01-01 (1).jpg

Дереккөз: Ұлттық банк

Нұржан Тұрсынхановтык айтуынша, теңге динамикасының өзгеруі мен валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. 

«Ең бастысы – мұнай бағасы.  Бірінші жартыжылдықта минералды өнімдер барлық экспорттың 70%-ын құрап, олардың бағасы әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты төмендеді. Ол өз кезегінде теңгеге кері әсерін тигізді. Енді қор биржасындағы қазіргі жағдайды және теңгенің бағамына қатысты жайтты талдап көрейік. Құрбан Айт мерекесіне орай жұма күні биржа жұмыс істемеді. Ал сол кезде әлемдік қаржы нарығы өз қызметін жалғастыра берді. Сондықтан, дүйсенбіде банктер биржада валютаны  әдеттегіден көбірек сатып алды»,– деді Нұржан Тұрсынханов.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері, биржада күн сайын орта есеппен 110 млн доллар саудаланағанын айтып өтті. Бұл көрсеткіш 80 миллионнан басталып,  170 миллионға дейін жетеді.

     

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg