Коронавируспен күреске қанша қаржы бөлінді?

ДСМ мәліметі бойынша, бөлінген қаржының жалпы сомасы 114 млрд теңгені құрайды

Фото: Курсив

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусқа күреске бөлінген қаражат туралы айтып берді. Ведомство басшысының айтуынша, ауруға қарсы тұруға бөлінген қаржының жалпы сомасы 114 млрд 826 млн теңгені құраған.

«Бұл қаржының 40 млрд 58 миллионы Үкімет қорынан бөлінді. Жеке қорғаныш құралдарын сатып алуға  – 21 млрд 184 млн теңге, дәрі - дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алуға – 2 млрд 30 млн теңге, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған жүйелерді сатып алуға 2,5 млрд теңге қарастырылған», – деді министр  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, коронавирусты анықтауға қажетті реагенттерді әзірлеу және шығару қызметін сатып алуға –  100 млн теңге, ПТР әдісімен зертханалық зерттеулерге –13,7 млрд теңге, жедел медициналық көмек автомобильдерін жабдықтауға қажетті өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға 310 млн теңге кеткен.

Бұл ретте Алексей Цой Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға 131 млн теңге жұмсалғанын мәлімдеді.

"Республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 19,5 млрд теңге – инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарлардағы медициналық қызметтерге, 40,4 млрд теңге –карантин шараларына тартылған қызметкерлерді ынталандыруға, 14,8 млрд. теңгесі – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында жедел салынатын үш инфекциялық ауруха салуға жұмсалды",–  деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, наурыз айында АҚШ үкіметі коронавирус инфекциясымен күрес әлеуетін күшейту үшін Қазақстанға $ 890 мың бөлуге дайын екендігі хабарланған. Бұл жөнінде олар Қазақстанда алғашқы вирус жұқтырғандар анықталғанға дейін мәлімдеген болатын. Кейінірек CDC агенттігі (АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) осы мақсатқа 1,68 млн доллар бөлінгенін хабарлады.

Мамыр айында АҚШ коронавируспен күреске Қазақстанға қосымша 1,5 млн доллар бөлетінің мәлімдеп, нәтижесінде көмектің жалпы сомасы 3,11 млн долларға жетті.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Теңгенің әлсіреуіне не себеп?

Ұлттық банк бұл дамушы елдердің валюталарына ортақ құбылыс деп тұжырымдайды

Фото: kursiv.kz

Өткен аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің нарықтық бағамы 0,9%-ға (414,09-дан) құнсызданып, бір АҚШ доллары үшін 418 теңге деңгейінде қалыптасты. Ұлттық банктың жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша 24-31 шілде аралығына жасаған шолуында теңгемен қатар, реал, рупия, песо, лира және рубль бағамы қамтылған.

«Сыртқы валюта нарығында  бұл аптада бірқатар маңызды оқиғалар болды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде (0-0,25%) сақтап қалып, ФРЖ басшысы Орталық банк ынталандырушы саясатының ұзақ уақыт сақталатыны және экономиканы қалпына келтіру үшін реттеушінің басқаруындағы барлық құралдардың пайдаланатынын мәлімдеген. Апта ішінде әлсіз макроэкономикалық деректер мен Дональт Трамптың президенттік сайлауды кейінге қалдыру ұсынысына байланысты саяси тәуекелдердің өсуі аясында АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі байқалды. 2020 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткішті есептеу басталған кезден АҚШ (-32,9% ж/ж) және Еуроаймақ (-15% ж/ж) экономикаласының аса қатты құлдырағаны байқалды» делінген реси хабарламада. 

Осы орайда Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов дамушы елдер валюталарының құнсыздану ортақ тренд деп пайымдайды.

«Валюталардың әлсіреуі дамушы елдердердің валюта нарығына ортақ құбылыс екенін атап өткім келеді. Мысалы, Түркия, Оңтүстік Африка және Ресей валюталары  теңгеден де қатты әлсіреп, сәйкесінше 1,8%, 2,5% және 3,4%  құнсызданды. Теңге бағамына мұнай бағасынан бөлек, ішкі факторлар мен рубль динамикасы әсер етеді», – дейді Ұлттық банк өкілі.  

Айталық, Бразилия реалы АҚШ долларының макроэкономикалық көрсеткіштер нашарлауы салдарынан 0,2%-ға әлсіреуі нәтижесінде сәл-пәл  (5,23-тен 5,22-ге) нығайды. Коронавируспен күреске бағытталған шығынның өсуі себепті бюджет тапшылығы қатарынан үш айда рекордтық деңгейде тұр. 

Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 610-нан 14 600-ге) нығайды. Қаржыминінің болжамы бойынша бюджет тапшылығы алдыңғы болжамның шегінен  4,7%-ға шығып, 2020 жылы 5,2%-ға жетеді.

Мексика песосы апта ішінде 22,28 деңгейінде қалды. Сауда балансының профициті маусымда $5,55 млрд (талдаушылардың $1,55 млрд болады деп күткен) болды.  
Үнді рупиясы қаралып отырған кезеңде 74,83-тен 74,82-ге нығайып, валюта бағамы аса өзгерген жоқ. 

Түрік лирасы 1,8%-ға (6,85-тен 6,97-ге) әлсіреді.  Орталық банк жыл соңындағы инфляцияның қарқыны бойынша болжамды 8,9%-ға дейін 1,5 п.т. өсірді.   

Оңтүстік Африка ранды сауда балансы туралы деректер шығардың алдында борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 2,5%-ға (16,66-дан 17,07-ге дейін) әлсіреген. 

Ресей рублі дивидендтік кезең шеңберінде рубльдегі қаражаттың шетелдік валютаға айырбасталуы аясында 3,4%-ға (71,7-ден 74,13-ке) әлсіреді.  

курс валют 24-31 июля-01-01 (1).jpg

Дереккөз: Ұлттық банк

Нұржан Тұрсынхановтык айтуынша, теңге динамикасының өзгеруі мен валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. 

«Ең бастысы – мұнай бағасы.  Бірінші жартыжылдықта минералды өнімдер барлық экспорттың 70%-ын құрап, олардың бағасы әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты төмендеді. Ол өз кезегінде теңгеге кері әсерін тигізді. Енді қор биржасындағы қазіргі жағдайды және теңгенің бағамына қатысты жайтты талдап көрейік. Құрбан Айт мерекесіне орай жұма күні биржа жұмыс істемеді. Ал сол кезде әлемдік қаржы нарығы өз қызметін жалғастыра берді. Сондықтан, дүйсенбіде банктер биржада валютаны  әдеттегіден көбірек сатып алды»,– деді Нұржан Тұрсынханов.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері, биржада күн сайын орта есеппен 110 млн доллар саудаланағанын айтып өтті. Бұл көрсеткіш 80 миллионнан басталып,  170 миллионға дейін жетеді.

     

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg