Қазақстанда карантин тағы 2 аптаға ұзартылды. Бір реттік төлем кімдерге төленеді?

Карантин кезінде жүмыссыз қалғандар, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар өтініш бере алады

Фото: Асқар Ахметуллин

Бүгін үкімет елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантинді тағы 2 аптаға ұзарту туралы шешім шығарды. Қазақстандағы қатаң қарантин 2 тамызға дейін жалғасады. Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-парақшасында мұқтаждарға 42500 теңге тағы да төленетінін мәлімдеген болатын. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезеңінде табысынан айрылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы – ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының  күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің,  жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі», — деді премьер-министр А.Мамин бүгінгі үкімет отырысында. 

Сонымен қатар үкімет басшысы төтенше жағдай кезіндегідей, азаматтардың жекелеген санаттарына (бұл – 1 миллионнан астам адам) азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек беруді жалғастыруды,  осы жылғы үшінші тоқсанға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды қолда бар деректер негізінде (128 мыңға жуық отбасы) алдын ала жүргізуді, сондай-ақ мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген адамдардың (шамамен 30 мың адам) мүгедектігін үш айға автоматты түрде ұзартуды тапсырды.

«Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Аурудың таралу қарқыны тұрақталуда. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша, эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешімді қабылдап отырмыз», — деп Үкімет басшысы карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Премьер-министр әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы  жағдайына халық пен бизнесті қолдау бойынша қосымша іс-қимыл жоспарын дайындауды тапсырды. Бұл ретте бюджет қаражатын тиімді жұмсап, инфляция деңгейін 8-8,5% деңгейінде ұстауды қамтамасыз ететін ақша-несие саясатын жүргізу қажеттігі аталды. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Теңгенің әлсіреуіне не себеп?

Ұлттық банк бұл дамушы елдердің валюталарына ортақ құбылыс деп тұжырымдайды

Фото: kursiv.kz

Өткен аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің нарықтық бағамы 0,9%-ға (414,09-дан) құнсызданып, бір АҚШ доллары үшін 418 теңге деңгейінде қалыптасты. Ұлттық банктың жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша 24-31 шілде аралығына жасаған шолуында теңгемен қатар, реал, рупия, песо, лира және рубль бағамы қамтылған.

«Сыртқы валюта нарығында  бұл аптада бірқатар маңызды оқиғалар болды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде (0-0,25%) сақтап қалып, ФРЖ басшысы Орталық банк ынталандырушы саясатының ұзақ уақыт сақталатыны және экономиканы қалпына келтіру үшін реттеушінің басқаруындағы барлық құралдардың пайдаланатынын мәлімдеген. Апта ішінде әлсіз макроэкономикалық деректер мен Дональт Трамптың президенттік сайлауды кейінге қалдыру ұсынысына байланысты саяси тәуекелдердің өсуі аясында АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі байқалды. 2020 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткішті есептеу басталған кезден АҚШ (-32,9% ж/ж) және Еуроаймақ (-15% ж/ж) экономикаласының аса қатты құлдырағаны байқалды» делінген реси хабарламада. 

Осы орайда Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов дамушы елдер валюталарының құнсыздану ортақ тренд деп пайымдайды.

«Валюталардың әлсіреуі дамушы елдердердің валюта нарығына ортақ құбылыс екенін атап өткім келеді. Мысалы, Түркия, Оңтүстік Африка және Ресей валюталары  теңгеден де қатты әлсіреп, сәйкесінше 1,8%, 2,5% және 3,4%  құнсызданды. Теңге бағамына мұнай бағасынан бөлек, ішкі факторлар мен рубль динамикасы әсер етеді», – дейді Ұлттық банк өкілі.  

Айталық, Бразилия реалы АҚШ долларының макроэкономикалық көрсеткіштер нашарлауы салдарынан 0,2%-ға әлсіреуі нәтижесінде сәл-пәл  (5,23-тен 5,22-ге) нығайды. Коронавируспен күреске бағытталған шығынның өсуі себепті бюджет тапшылығы қатарынан үш айда рекордтық деңгейде тұр. 

Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 610-нан 14 600-ге) нығайды. Қаржыминінің болжамы бойынша бюджет тапшылығы алдыңғы болжамның шегінен  4,7%-ға шығып, 2020 жылы 5,2%-ға жетеді.

Мексика песосы апта ішінде 22,28 деңгейінде қалды. Сауда балансының профициті маусымда $5,55 млрд (талдаушылардың $1,55 млрд болады деп күткен) болды.  
Үнді рупиясы қаралып отырған кезеңде 74,83-тен 74,82-ге нығайып, валюта бағамы аса өзгерген жоқ. 

Түрік лирасы 1,8%-ға (6,85-тен 6,97-ге) әлсіреді.  Орталық банк жыл соңындағы инфляцияның қарқыны бойынша болжамды 8,9%-ға дейін 1,5 п.т. өсірді.   

Оңтүстік Африка ранды сауда балансы туралы деректер шығардың алдында борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 2,5%-ға (16,66-дан 17,07-ге дейін) әлсіреген. 

Ресей рублі дивидендтік кезең шеңберінде рубльдегі қаражаттың шетелдік валютаға айырбасталуы аясында 3,4%-ға (71,7-ден 74,13-ке) әлсіреді.  

курс валют 24-31 июля-01-01 (1).jpg

Дереккөз: Ұлттық банк

Нұржан Тұрсынхановтык айтуынша, теңге динамикасының өзгеруі мен валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. 

«Ең бастысы – мұнай бағасы.  Бірінші жартыжылдықта минералды өнімдер барлық экспорттың 70%-ын құрап, олардың бағасы әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты төмендеді. Ол өз кезегінде теңгеге кері әсерін тигізді. Енді қор биржасындағы қазіргі жағдайды және теңгенің бағамына қатысты жайтты талдап көрейік. Құрбан Айт мерекесіне орай жұма күні биржа жұмыс істемеді. Ал сол кезде әлемдік қаржы нарығы өз қызметін жалғастыра берді. Сондықтан, дүйсенбіде банктер биржада валютаны  әдеттегіден көбірек сатып алды»,– деді Нұржан Тұрсынханов.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері, биржада күн сайын орта есеппен 110 млн доллар саудаланағанын айтып өтті. Бұл көрсеткіш 80 миллионнан басталып,  170 миллионға дейін жетеді.

     

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg