42 500 теңге туралы ең көп қойылатын сұрақтарға жауап

Азаматтар қыркүйек айына дейін өтініш бере алады

Фото: Асқар Ахметуллин

Елімізде карантин режимінің күшейтілуіне байланысты мемлекет 42 500 теңге әлеуметтік төлемін бере бастады. ТЖ кезінде де берілген бұл жәрдемақыны табысынан айырылған азаматтар ғана ала алады. 

    Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов екі брифинг өткізіп, әлеуметтік төлемнің берілу тәртібін толық түсіндірген болатын. Алайда көпшілік әлі де түрлі сұрақтар жолдап жатыр. Соның бірқатарын назарға алып, ведомство ақпараты негізінде жауаптарын ұсыналық. 

    Шілде айы үшін 42 500 теңге кімдерге беріледі?

Біржолғы төлем бір мәрте ғана, ең төменгі күнкөріс деңгейінде тағайындалады. Қатаң шектеу карантиндік шараларды енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда, бірреттік төлем келесі санаттарға жүргізіледі:
•    Еңбекақы сақталмайтын еңбек демалысындағы қызметкерлерге;
•    Жеке кәсіпкерлерге;
•    Жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға;
•    Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
•    Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейтін жеке тұлғаларға. 

    Ресми түрде 10 жыл жұмыс істеп, карантинге байланысты уақытша жұмыс істемейміз. Өткен жолы 42 500 алмадық. Әлеуметтік аударымдарың жоқ деді. Енді осы жолы қалай өтініш берсем болады? Маған бере ме?

Егер сіз карантиндік шараларының күшіне енгізілуіне байланысты 2020 жылдың шілде айында табысынан толық айырылған жалдамалы қызметкер болсаңыз және еңбекақы сақталмайтын еңбек демалысында болсаңыз, онда сіздің жұмыс берушіңіз әлеуметтік төлем алуға өтініш беруі қажет. Ондай жағдайда әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарының болуы міндетті емес.

    Декретте отырған әйелдер 42 500 теңге ала ма?

Егер әйел 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болса онда оған 42 500 теңге тағайындалмайды. Ал егер ол жалдамалы жұмысшы немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы болып ең болмағанда бір мәрте БЖТ төлеген болса онда біржолғы әлеуметтік төлемнен үміттене алады. 

    Менің балам бір жасқа толды. Бірақ өтініш жолдасам сізге берілмейді деп шығып тұр. Бұл қалай?

Егер сіз қосымша жұмыс істеген және Бірыңғай жиынтық төлем төлеген болсаңыз, өзін жұмыспен қамтушы ретінде өтініш бере аласыз.

    Осыған дейін бұл төлемді екі рет алдым. Осы жолы қайта өтініш беруім керек пе, әлде автоматты түрде түсе ме?

Өтінішті бұл әлеуметтік төлемнен үміттенген адамдардың барлығы тапсыруы тиіс. Алайда төлемді осыған дейін екі мәрте алған азаматтарға қайтадан берілу жайлы смс-хабарлама келуі мүмкін. 

    Бастығымыз бізді жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберіп жатыр. Бірақ бізге сонда да 42 500 берілмейтін көрінеді. Не істеуіміз керек?

Ақысыз демалыстағы жұмысшылар үшін өтінішті жұмыс берушінің өзі жібереді. Берілген өтініштегі ақпардың дұрыстығын өңірлік штаб тексереді. Заңдық талаптар негізінде ақысыз демалыстағы жұмысшылар тізімін жұмыс беруші жасайды. Егер жұмыс берушінің әрекетінде заңсыздық байқалса онда жұмысшы жергілікті еңбек инспекциясына жүгінуге құқылы. 

    Атаулы әлеуметтік көмек аламын. 42 500-ге де тапсырсам бола ма?

Егер тұлғаның табысынан айырылу фактісі анықталмаса оған төлем берілмейді. Сонымен қатар мемлекеттен түрлі деңгейде әлеуметтік төлем алып отырған азаматтар да бұл біржолғы төлемнен үміттене алмайды. 

    Өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?

42500 теңгеге қатысты шешімді құрамына аймақтық кәсіпкерлер палаталарының, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб (жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган) қабылдайды. Аудандық (қалалық) штабтың тұжырымы мен бірреттік төлемді тағайындауға берілген өтініш бірреттік төлемді тағайындауға берілген өтініштің тіркелген күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Мемлекеттік корпорация бөліміне жіберіледі. Тұлғалардың бірреттік төлемді тағайындауға берген өтініштері Мемлекеттік корпорация бөліміне бірреттік төлемді тағайындауға берілген өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей автоматты түрде жіберіледі. Мемлекеттік корпорация бөлімі істердің электронды макеттерін қалыптастырып, тұжырымдар келіп түскен күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде қор филиалына жібереді. Қор филиалы ІЭМ келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде ІЭМ-ді шешімдердің жобаларымен қарастырып, бірреттік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту шешімін дербес немесе тізім бойынша бекітеді. Егер сізге 42 500 теңгені тағайындау жайлы смс-хабарлама келсе және оған 1 санын басып жауап берсеңіз, 5 жұмыс күні төлем шотыңызға түсуі керек. Тосыңыз, қосымша өтініш бермейсіз.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Теңгенің әлсіреуіне не себеп?

Ұлттық банк бұл дамушы елдердің валюталарына ортақ құбылыс деп тұжырымдайды

Фото: kursiv.kz

Өткен аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің нарықтық бағамы 0,9%-ға (414,09-дан) құнсызданып, бір АҚШ доллары үшін 418 теңге деңгейінде қалыптасты. Ұлттық банктың жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша 24-31 шілде аралығына жасаған шолуында теңгемен қатар, реал, рупия, песо, лира және рубль бағамы қамтылған.

«Сыртқы валюта нарығында  бұл аптада бірқатар маңызды оқиғалар болды. АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде (0-0,25%) сақтап қалып, ФРЖ басшысы Орталық банк ынталандырушы саясатының ұзақ уақыт сақталатыны және экономиканы қалпына келтіру үшін реттеушінің басқаруындағы барлық құралдардың пайдаланатынын мәлімдеген. Апта ішінде әлсіз макроэкономикалық деректер мен Дональт Трамптың президенттік сайлауды кейінге қалдыру ұсынысына байланысты саяси тәуекелдердің өсуі аясында АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі байқалды. 2020 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткішті есептеу басталған кезден АҚШ (-32,9% ж/ж) және Еуроаймақ (-15% ж/ж) экономикаласының аса қатты құлдырағаны байқалды» делінген реси хабарламада. 

Осы орайда Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов дамушы елдер валюталарының құнсыздану ортақ тренд деп пайымдайды.

«Валюталардың әлсіреуі дамушы елдердердің валюта нарығына ортақ құбылыс екенін атап өткім келеді. Мысалы, Түркия, Оңтүстік Африка және Ресей валюталары  теңгеден де қатты әлсіреп, сәйкесінше 1,8%, 2,5% және 3,4%  құнсызданды. Теңге бағамына мұнай бағасынан бөлек, ішкі факторлар мен рубль динамикасы әсер етеді», – дейді Ұлттық банк өкілі.  

Айталық, Бразилия реалы АҚШ долларының макроэкономикалық көрсеткіштер нашарлауы салдарынан 0,2%-ға әлсіреуі нәтижесінде сәл-пәл  (5,23-тен 5,22-ге) нығайды. Коронавируспен күреске бағытталған шығынның өсуі себепті бюджет тапшылығы қатарынан үш айда рекордтық деңгейде тұр. 

Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 610-нан 14 600-ге) нығайды. Қаржыминінің болжамы бойынша бюджет тапшылығы алдыңғы болжамның шегінен  4,7%-ға шығып, 2020 жылы 5,2%-ға жетеді.

Мексика песосы апта ішінде 22,28 деңгейінде қалды. Сауда балансының профициті маусымда $5,55 млрд (талдаушылардың $1,55 млрд болады деп күткен) болды.  
Үнді рупиясы қаралып отырған кезеңде 74,83-тен 74,82-ге нығайып, валюта бағамы аса өзгерген жоқ. 

Түрік лирасы 1,8%-ға (6,85-тен 6,97-ге) әлсіреді.  Орталық банк жыл соңындағы инфляцияның қарқыны бойынша болжамды 8,9%-ға дейін 1,5 п.т. өсірді.   

Оңтүстік Африка ранды сауда балансы туралы деректер шығардың алдында борыш нарығынан капиталдың әкетілуі аясында 2,5%-ға (16,66-дан 17,07-ге дейін) әлсіреген. 

Ресей рублі дивидендтік кезең шеңберінде рубльдегі қаражаттың шетелдік валютаға айырбасталуы аясында 3,4%-ға (71,7-ден 74,13-ке) әлсіреді.  

курс валют 24-31 июля-01-01 (1).jpg

Дереккөз: Ұлттық банк

Нұржан Тұрсынхановтык айтуынша, теңге динамикасының өзгеруі мен валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. 

«Ең бастысы – мұнай бағасы.  Бірінші жартыжылдықта минералды өнімдер барлық экспорттың 70%-ын құрап, олардың бағасы әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты төмендеді. Ол өз кезегінде теңгеге кері әсерін тигізді. Енді қор биржасындағы қазіргі жағдайды және теңгенің бағамына қатысты жайтты талдап көрейік. Құрбан Айт мерекесіне орай жұма күні биржа жұмыс істемеді. Ал сол кезде әлемдік қаржы нарығы өз қызметін жалғастыра берді. Сондықтан, дүйсенбіде банктер биржада валютаны  әдеттегіден көбірек сатып алды»,– деді Нұржан Тұрсынханов.

Сонымен қатар, ол жыл басынан бері, биржада күн сайын орта есеппен 110 млн доллар саудаланағанын айтып өтті. Бұл көрсеткіш 80 миллионнан басталып,  170 миллионға дейін жетеді.

     

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg