Пандемия кезінде жоғары оқуға қалай қаржы жинауға болады?

Жарияланды
Бірнеше керек кеңес

COVID-19 қазақстандықтардың өмір салтын біршама өзгертті. Оқушылар мен студенттер наурыз айынан онлайн-оқуға көшті, ал ата-аналар жұмысты қашықтан істеуге көшті немесе ақысыз демалыс алып, біраз уақыт тұрақты табысынан айырылды. Ендігі жерде ата-ана студент баласының оқу ақысын қалай төлемек, қашықтан оқуға көшкен соң, күндізгі бөлімде оқитын шәкірттердің оқу ақысы өзгере ме, баланың жоғары біліміне қажет қаражатты қалай жинауға болады? Freedom Finance Life өмірді сақтандыру қоры ұсынған бұл материалда осы тақырыптар сөз болмақ.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, 2019-2020 оқу жылында республикада 475,4 мың студент білім алған. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда студент саны 3%-ға аз. Студенттердің 89,2 пайызы күндізгі бөлімде, сырттай бөлімде – 10,3% және кешкі бөлімде – 0,5%-ы оқиды. 180,1 мыңы (студенттердің 29,8%) білім грантының иегері болса, 424,3 мың адам (70,2%) ақылы негізде білім алып жүр.
Ал баласы ЖОО-ға түсуге дайындалып жатқан ата-аналар үшін ең басты мәселенің бірі – жоғары оқу ақысының жыл сайын қымбаттауы. Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу ақысы жыл сайын орта есеппен 10-15 пайызға көтеріледі.

Бұл ретте ақылы бөлім студенттерінің бір бөлігі оқуын аяқтамай, дипломын ала алмай қалады. Тек 2018 жылдың өзінде  қазақстандық ЖОО-да білім алып жүрген 52 мыңға жуық адам оқуын тастап кеткен, бұл – студенттердің 9,5%-ы. Оған себеп – сабақ үлгерімінің нашарлығы, студенттің тәртіп бұзуы, әскерге шақыру, денсаулығының жарамауы немесе өз қалауы бойынша оқудан шығару. Дегенмен соның  ішінде ең көп таралған себеп – қаржылық қиындық. Бұл ретте статистика қаржы тапшылығы қолбайлау болып, оқуға түсе алмай қалған түлектерді есепке алмайды. 

Оқу ақысы және қолжетімділігі

Тағы да ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ақысы қазақстандықтардың 12,6 пайызының көңілінен шықпаған. Ал респонденттердің 45,9%-ы аса қолжетімді емес десе, тек 23,7%-ы ғана оқу ақысын қалта көтереді деп жауап берген. Сауалнаманың нәтижесі көп жағдайда респонденттердің әл-ауқатына байланысты болған: ол неғұрлым төмен болса, оқу құнына деген шағым соғұрлым көп.

Ал коронавирус салдарынан туындаған дағдарыс қазақстандықтардың табысына, әл-ауқатына айтарлықтай әсер етті. Теңгенің құнсыздануы азық-түліктің кем дегенде 15 пайызға қымбаттауына әкеп соқты. Карантин кезінде еңбекке қабілетті тұрғындардың басым бөлігі тұрақты табысынан айырылып қалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі жыл соңына қарай 5,9%-ға дейін өсуі мүмкін. Ал төтенше жағдай режимін енгізгенге дейін  бұл көрсеткіш 4,8% болған. Аталмыш факторлардың барлығы халықтың жалпы өмір сүру деңгейіне де, жоғары оқу орындарында ақылы оқудың қол жетімділігіне де әсер етеді – жаңа оқу жылындағы оқу ақысын бірқатар отбасының қалтасы көтермей қалуы мүмкін. 

2019-2020 жылы еліміздің ЖОО-дағы оқу  ақысы жылына 345 мың теңгеден бастап, 2,9 млн теңгеге дейін  жеткен. Ең қымбат ЖОО-лардың қатарында КИМЭП, ҚБТУ, Алматы Менеджмент Университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  тұр.

Қазақстанда ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты, 17 наурыздан бастап, барлық күндізгі бөлім шәкірттері оқу жылының соңына дейін  қашықтан оқуға көшті. Алайда қашықтан оқыту құнын қайта есептеу қарастырылмаған. 2020 жылдың сәуір айында ОКҚ өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық жоғары оқу орындарының көпшілігі оқу құнын қайта есептей алмайтынын айтты. Тек бірқатар жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейін білім беру мекемелері ғана жеңілдік жасауға шешім қабылдаған.

Күздің екінші жартысында коронавирустың екінші толқыны болады деген болжам жасалып жатыр. Осы ретте қайтадан онлайн-оқуға мәжбүр болатын күндізгі бөлім студенттерінің оқу ақысын қайта қарастыру мәселесі ашық қалып тұр. Ал ДДСҰ адамзаттың коронавирус инфекциясын жеңуі үшін бірнеше жыл кетуі мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды, сондықтан қашықтан оқу  өзіктілігін жоймайды. 

Бұл жағдайда баласының сапалы жоғары білім алуын қамтамасыз еткісі келетін ата-аналар үшін қаржысын дүрыс жоспарлай алу маңызды. Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты, баласы орта сыныпта, тіпті бастауышта білім алатын ата-аналар ұл-қызының  болашағын қазірден ойлауы қажет.

Баланың оқуына ақша жинаудың бірнеше жолы бар:

  •  Жалақының бір бөлігін үйде, қолма-қол ақша етіп жинау 

Көптеген кісілер  баланың оқуына ақша жинаудың ең тиімді тәсіл осы деп ойлайды. Алайда ата-аналар  қолма-қол ақшаның, әсіресе, девальвация кезінде құнсызданатынын естен шығармауы керек. Сондықтан ақшаны «жастықтың астына» жинай берсеңіз, уақыт өте келе ол құнсызданып кетуі мүмкін. 

  •  Білім депозиттері 

Банктерге сенетін ата-аналар үшін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіндегі (МБЖЖ)  білім беру депозиттері ыңғайлы. Мұндай депозиттер баланың атына ашылады, ал  шотқа әдеттегі пайыздан бөлек, мемлекеттік сыйақы да түсіп отырады. Ата-ананың міндет – өз қаржылық мүмкіндігі мен отбасылық бюджетке түсетін салмақты сараптап, ашалатын депозит мөлшері мен оны толықтыру жиілігін анықтау. Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 мыңнан астам білім беру депозиттері ашылған. 

  • Жинақтаушы сақтандыру 

Бұл –  жинақтаушы депозит пен өмірді сақтандыру функцияларын біріктіретін қаржылық өнім. Осы бағдарлама бойынша келісім-шарт жасай отырып, ата-ана баланы кез келген қазақстандық және шетелдік ЖОО-да оқытуға қажет қаржы жинап, сонымен қатар,  жазатайым оқиғадан, жарақат пен қатерлі аурудан сақтандырыла алады.

Freedom Finance Life Өмірді сақтандыру компаниясы балаларын оқытуға қажет қаражат жинағысы  келетін ата-аналарға арналған Freedom Education өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасын әзірледі.

Бұл үшін тек:

– кез келген қазақстандық немесе шетелдік университетті таңдау;

– Freedom Finance Life Өмірді сақтандыру компаниясымен шарт жасау;

– сақтандыру жарнасын төлеу (айына бір рет/тоқсанына бір рет/жылына бір рет);

– оқуға қаражат жинау қажет.

Шарт жасар кезде бала мектеп біртірерге дейінгі уақытты ескере отырып, жинақтау кезеңін анықтауға болады (мысалы, 5 немесе 10 жыл).

Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін компания жинақталған соманы ата-ана таңдаған университетке аударады. Егер жинақтаушы кезеңде ата-анасының басынан сақтандыру жағдайы орын алса, сақтандыру компаниясы оқу ақысын толық төлейді. Бұл төлемді баласы алатын болады. 

Сондай-ақ оқыңыз