Қаржы министрлігі 1 трлн теңгенің бағалы қағазын сатылымға шығарады

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Бұндай бағалы қағаздар инвесторлар арасында үлкен сұранысқа ие

Қаржы министрлігі құны 1 трлн теңге болатын бағалы қағаздарды айналымға шығарды. Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналым мерзімі – 1-3 жыл.

Ұлттық банктің хабарлауынша, Қазақстан мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі инвесторлар үшін тартымды болып тұр. 

«Қаржы министрлігі мамыр айында МБҚ-ны шығару кестесіне өзгеріс енгізді, жылдың соңына дейін Қаржы министрлігі құны шамамен 1 трлн теңге болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарады. Оны өтеу мерзімі – 1-3 жыл. Бағалы қағаздар бойынша бұл мерзім инвесторлар үшін анағұрлым тартымды. Мамырда жаңа кесте бойынша алғашқы аукциондар өткізілді, екінші деңгейлі банктер мен олардың клиенттері тарапынан сұраныс ұсыныстан асып түсті»,- деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық банк мамандары нарықтың Қаржы министрлігі аукциондарына қысқа мерзімде белсенді қатысуы мемлекеттік бағалы қағаздардың  өтімділігін арттырады және шетелдік инвесторлардың кіруіне алғышарт жасайды деп тұжырымдайды. 

15 мамырда Қаржы министрлі Қазақстан қор биржасындағы аукционға 50 млрд теңге болатын құнды қағаз орналастыруды жоспарлаған еді. Алайда сауда-саттық барысында нақты құны 99,4 теңге болатын 39 өтініш келіп түскен. Бұған дейін Қаржы министрлігі қысқа мрзімді бағалы қағаздарын 2014 жылдың тамыз айында орналастырған еді. Сол кезде да нарық қатысушыларды бұл қағаздарға үлкен қызығушылық танытқан. Аталмыш аукционда сатылған МБҚ саны 2020 жылғы көрсетіштен 8 есе атып түскен.

Нәтижесінде Қаржы министрлігі 58 млрд теңге тартты (номиналдық мәнде орналастыру көлемі 64,3 млрд теңгені құраған). «Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің» дерегі бойынша, оның 84,9 пайызын екінші деңгейлі банктер сатып алса, 15,1 пайызын өзге инвесторлар иеленген. Табыстылығын10,7863% құраған.

Ал сәуір айында қаржы вице-министрі Берік Шолпақұлов бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сыртқы және ішкі нарықтан 2,4 трлн теңге тарту жоспарланып отырғанын хабарлады.
 

Сондай-ақ оқыңыз