Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алудың жолы қандай?

Жұмыссыз ретінде қалай тіркелу қажет?

Фото: shutterstock.com

Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем беріліп келе жатыр. Ол үшін азамат өзінің жұмыссыз екенін ресми түрде растауы керек. 

Жұмыссыз ретінде тіркелуді үш нұсқа арқылы жүзеге асыруға болады. 

•    Алғашқысы – халықты жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелу; 
•    Халыққа қызмет көрсету орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелу; 
•    www.egov.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелу; 

Өтініш берушіде қандай құжаттар болуы керек?

•    Жеке басын куәландыратын құжат; 
•    Еңбек қатынасының бұзылғанын растайтын жұмыс берушінің актісінен көшірме; 
•    Банк шотының нөмірі туралы мәліметтер. 

Ай сайынғы бұл әлеуметтік төлемнің мөлшері орташа айлық табысты, табысты алмастыру коэффициенттін және қатысу өтілі коэффициентін бір-біріне көбейту арқылы анықталады. Негізінен төлем бұрынғы жалақының 40 пайызына дейінгі мөлшерінде беріледі. 

Әлеуметтік төлем қанша уақыт беріледі?

•    Егер оның жұмысында әлеуметтік аударымдар 6 айдан 12 айға дейін төленсе – 1 айға; 
•    12 айдан 24 айға дейін төленсе – 2 айға; 
•    24 айдан 36 айға дейін төленсе – 3 айға; 
•    36 айдан көп төленсе – 4 айға; 
•    Егер мекеменің жабылуы, штат санының қысқаруы немесе өндіріс көлемінің төмендеп кетуіне байланысты жұмысынан айырылса және әлеуметтік аударымдар 36 немесе одан да көп айға төленсе онда әлеуметтік төлем 6 ай бойы беріліп отырады. 

Жылдың басынан бері елімізде мұндай көмекті 30,5 мың адам алған. Сәуір айының өзінде 3 мыңнан астам азаматқа осы жәрдемақы тағайындалыпты. Жоғарыда айтып өткеніміздей жұмыссыз ретінде тіркелудің ең ыңғайлы жолы egov.kz порталында авторизация жасау. Ол үшін ЭЦҚ кілтін алуыңыз керек. Мына сілтеме бойынша оны қалай алудың жолымен таныса аласыз. 

•    Алдымен «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу» бөліміне кіріп, «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеуді» таңдайсыз; 

5555.jpg

 
•    «Онлайн сұрауды» басу арқылы онлайн қызметке тапсырыс бересіз; 

66666.jpg

 
    Барлық жолдарды толтырасыз және ЭЦҚ арқылы қол қойып, өтінішті жолдайсыз;       

777777.jpg

Бір күннен соң тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы сізге бос жұмыс орындарын ұсына бастайды. Сонымен қатар өтініш берілгеннен кейін министрлік мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен сізге автоматты түрде әлеуметтік төлем тағайындайды. Бұл төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан беріліп отырады. Бұл жұмыссыз азаматты жұмыс іздеу кезеңінде қолдау үшін арналған. 

Еске салсақ, 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша 3 096 жобаны іске асыру басталып, 26,3 мың жұмыс орны құрылған. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif